Бас қалада «СЫРҒА ТОЙЫ» «Құлақ тесу» дәстүрінің символикалық мәні

Бас қалада «СЫРҒА ТОЙЫ» «Құлақ тесу» дәстүрінің символикалық мәні

Өз құндылығымызды өгейсініп, өзегінен теуіп, қағымыздан жеріп, «өзгенің қаңсығын таңсық еткен» осынау бір заманда тарихи санамыз қандай деңгейде? Тағылымды-тәрбиелік мәні бар дәстүрлерімізді қаншалықты сақтап, оның терең мағынасын ұғынып жүрміз? Заман ағымынан қалмаймыз деп, көптеген салтымызды түрлендіріп, тіпті халқымызға тән емес дүниелерді өзімізге «жапсырып», бар дүниемізді түгендей алмай, зорды «қор» етіп жүрген жоғалған ұрпаққа айналып барамыз...

Бұған дәлел ретінде «Қара шаңырақ» ұлттық тәрбие беру мектебінің негізін қалаушы қоғам қайраткері Тұрар Сәттарқызының айтуынша, бүгінгі жаһандану заманында бабадан келе жатқан салт-дәстүрлеріміздің көбі ұмыт болып, өзінің тәрбиелік мән-мағынасын жоғалтты.

Тұрар Сәттарқызы: Ұлтымыз жұтылып кетпесін десек, өз болмысымыздан  ажырамайық! | “Адырна” ұлттық порталы«Қазақтың салт-дәстүрі – тұнып тұрған тәрбие мектебі! Бірақ кейінгі кезде сол тамаша салт-дәстүріміз: құрсақ шашу, шілдехана, бесік той, тұсаукесер, ұл баланы сүндетке отырғызу, қыз баланың құлағын тесу т.б. өзгеріске ұшырады. Мәселен, қазіргі заманауи келіншектер дүние есігін жаңа ашқан сәбидің құлағын салонда «пистолетпен» тестіртуді «сән» көреді. Ал қыз баланың құлағын тесіп, сырға салу салтының тәрбиелік мағынасының терең екенін түсіне бермейді», – дейді Тұрар Сәттарқызы.

Белгілі этнограф, жазушы Зейнеп Ахметованың айтуынша, бүлдіршін қыздың құлағын көп жағдайда тек жеті жасынан бастап тескен. Осы жасқа дейін қуыршақ ойнаған қыз бала, енді құлағын тескеннен кейін мінез-құлқы өзгеріп, өмірдің келесі сатысына аяқ басады. Оған анасы, жеңгелері «Сен енді сырғалы қыз болдың», «Сырға таққан соң қыз санатына қосылдың, саған қуыршақ ойнау жараспайды», – деп, оны кесте тоқуға, ою оюға бейімдей бастаған. Яғни қыз баланың құлағын тек сәндік, әдемілік үшін ғана теспеген. Бұл – қыз баланың өміріндегі тәрбиелік мәні зор өнегелі салттың бір түрі.

«Қарап отырсаңыз, қазақ ұлты ұрпақ тәрбиесіне терең мән берген дана халық. Сәбидің дүниеге шыр етіп келуінен басталатын дәстүріміздің бәрі де баланы өнегелі, өрелі, саналы, рухты, текті тұлға етіп қалыптастырған. Біздің «Қара шаңырақ» ұлттық тәрбие беру мектебінің алға қойған басты мақсат-міндеттерінің бірі – қазақ халқының ұлттық құндылықтары мен мәдени мұраларын қайта жаңғыртып, жас ұрпақтың санасына сіңіру арқылы рухы биік, санасы азат, елін сүйетін, ұлтын құрметтейтін өрелі де өнегелі ұлт тәрбиелеу. Сондықтан біз түпкі мағынасын жоғалтқан ұлттық дәстүрімізді қайта жаңғыртып жүрміз. Мәселен, «Балалар жылына» орай биылғы жаз маусымында ашқан «Сарыжайлау» этноауылымызда «Баланы ашамайға мінгізу», «Тұсаукесер», «Тілашар» сынды бірқатар тәрбиелік мәні зор іс-шара өткізіп, аға буын мен жас буын арасындағы үзіліп қалған ұрпақаралық сабақтастықтың орнауына үлес қосудамыз. Міне, бүгін тағы да бір тәрбиелік мәні зор «Сырға той» дәстүрін көрсетпекпіз», – деді «Қара шаңырақ» ұлттық тәрбие беру мектебінің авторы әрі жетекшісі Тұрар Сәттарқызы.

Балалар жылына орай «Сарыжайлау» этноауылында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен «Қара шаңырақ» ұлттық тәрбие беру мектебінің ұйымдастыруымен ұмыт болған «Сырға той» салты қайта жаңғырды. «Сырға той» дәстүрін көруге келген қонақтардың ішінде Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының хатшысы Ерлан Каналимов, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, қалалық Тілдерді дамыту және архив ісі басқарма басшысы Сәкен Есіркеп, Abai TV директоры Азамат Кеңесұлы, «Үміт» дағдарыс орталығының директоры Ғалихан Ықсанұлы, Нұр-Сұлтан қаласы әкімі жанындағы Әйелдер және отбасы ісі комиссиясы мүшелері және «Қиын жағдайға тап болған отбасын қолдау орталығының» қыз балалары қатысты.

«Қазақ – салт-дәстүрге бай халық. Алайда біз солардың көбін ұмытып қалдық. Бүгінде сол ұлттық құндылықтарымызды толыққанды білетін адам аз болып тұр. Тәуелсіз ел болғанымызға 30 жылдан астам уақыт өтті. Енді міне, ешкімге жалтақтамай, атадан қалған салт-дәстүрімізді жете танып, сақтап әрі оны өскелең ұрпаққа дәріптеу және осы арқылы жас буынды отансүйгіштікке тәрбиелеу – біздің басты парызымыз әрі міндетіміз. Осындай ұмытылып бара жатқан тәрбиелік мәні бар шараны ұйымдастыруға ұйытқы болған «Қара шаңырақ» ұлттық тәрбие беру мектебінің ұжымына мың да бір рақмет!» – дейді қалалық мәслихаттың хатшысы Ерлан Каналимов. Мәслихат хатшысы «Қара шаңырақ» ұлттық тәрбие мектебінің әкімдік тарапынан қалай қолдау тапқанын және игі бастаманың бүгінгі атқарып жатқан жұмысына баға берді. «Биыл жыл басында ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптеп, оны жастар арасында кеңінен насихаттап жүрген «Қара шаңырақ» орталығының басшысы Тұрар Сәттарқызы келіп, салт-дәстүрді, тіліміз бен ділімізді елорда жұртшылығы арасында көбірек таныту, төл руханиятымызды өскелең ұрпақ бойына сіңіру жайлы идеясын айтқанда, мәслихат жағынан тиісті қаражатын бөлгізіп бергенбіз. Қазіргі таңда бұл орталық Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен, аталған идеяны жүзеге асыруда», – деді Ерлан Каналимов.

Ерлан Каналимов «Сырға той» салтының маңыздылығына да тоқталып өтті. «Қара шаңырақ» ұлттық тәрбие беру мектебі биыл елорда білім ордаларында өскелең ұрпаққа рухани-өнегелік іс-шаралар өткізіп, ұлттық киімдерімізді дәріптеп, күнделікті ұлттық дәстүрден шеберлік сағаттарын үзбей ұйымдастырып жүр. Бүгін «Сырға той» салтына қатысуға келген жас бүлдіршіндерге қазақы дәстүрмен сыйлықтар беріліп, ән-жырдан шашу шашылды. Киіз үйдің құрылысы, тағамның түрлері т. б. жайлы этнографиялық мол мағлұмат берілді», – деді Ерлан Ермекұлы. Мәслихат хатшысы алдағы уақытта «Қара шаңырақ» ұлттық тәрбие беру мектебі жұмысының ауқымын кеңейтуді ұсынып, қала әкімдігі тарапынан тиісті қолдау болатынын жеткізді.

«Мұндай шаралар мемлекет тарапынан қолдау тауып, жан-жақты қаржыландырылып, жеке бағдарламаға айналып, республикадағы білім беру мекемелеріне таратылса, болашақта елін сүйетін, жерін сүйетін, халқын сүйетін қазақтың нағыз патриот балалары өсіп шығады. Осы орайда біздің тарапымыздан келесідей ұсыныс бар. Иә, балалар жылына орай елорда маңында «Сарыжайлау» этноауылын ашқандарыңыз шынында да керемет. Бірақ бұл жұмыстың ауқымын кеңейту керек. Менің ойымша, келесі жазғы уақытта балаларға арналған қазақи лагерь тек қаланың сыртында ғана емес, сондай-ақ баршаға қолжетімді болуы үшін қаланың ішіндегі саябақтарда да ашылса, құба-құп болар еді. Сонда қаламыздың кез келген тұрғыны төл мәдениетіміз бен құндылығымызды танып-білуге мүмкіндік алады. Мұны қала әкімінің орынбасары Есет Берікұлы да қолдап, қуаттап отыр. Интернет, смартфон дамыған заманда тілімізді, ділімізді, ұлттық салт-дәстүрімізді де жаңғыртып, замана көшіне ілестіруіміз қажет. Игі бастама алдағы уақытта да жемісті жалғаса береді деп сенеміз. Өнегелі жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін», – деп, жүрекжарды лебізін білдірді қалалық мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов.

«Нұр-Сұлтан қаласы Тіл Басқармасының қолдауымен «Қара шаңырақ» тәрбие беру орталығы өскелең ұрпаққа қажетті көптеген рухани-танымдық шаралар ұйымдастырып жүр. Өздеріңіз куә болып отырған «Сырға той» салтының қыз бала өміріндегі тәрбиелік мәні зор», – дейді қала әкімінің орынбасары Есет Берікұлы. Қала әкімінің орынбасары «Қара шаңырақ» ұлттық тәрбие беру мектебіне қалай қолдау көрсеткеніне тоқталды. «Орталық басшысы Тұрар Сәттарқызы Шәкенмен Сарыарқа ауданы әкімі қызметінде жүргенде, бірлесіп үлкен жұмыстарды атқарғанымыз есімде. Бұл жоба мәслихат хатшысы Ерлан Ермекұлының жеке қолдауына ие болып, ауқымын кеңейтті. Мәслихат отырысында жобаға қатысты кейбір депутаттар арасында пікірталас туды. «Аталмыш жоба не үшін керек?», «Салт-дәстүр қазіргі заманауи қоғамға қажет пе?», «Әдет-ғұрып деп сендер жаһандануға бет бұрған өркениетті артқа тартқыларың келе ме?» деген сияқты түрлі пікірлер болды. Мен мұндай пікірлермен келіспеймін. Керісінше бұл жоба ұлттық салт-дәстүрімізді өркениеттің бүгінгі даму үрдісімен үйлестіру арқылы өскелең ұрпақты тәрбиелеуді көздейді», – деп атап өтті Есет Байкен.

Есет Берікұлы да келер жылдан бастап «Қара шаңырақ» ұлттық тәрбие беру мектебі жұмысының ауқымын кеңейтетіндерін жеткізді. «Тал бесіктен жер бесікке дейін қазақтың бүкіл өмірі салт-дәстүрмен тікелей байланысты. Бүгінде біз, өкінішке қарай, бабадан келе жатқан тәрбиелік мәні зор салтдәстүріміздің құнын түсіріп алдық. Іс-шара жүргізушісі айтып өткендей, дәстүрімізге немқұрайлы қарап, бүлдіршін қыздарымыздың құлағын салонда тестіре салатынымыз өтірік емес. Қазақта «Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» деген жақсы сөз бар. Дегенмен қазақы болмыстан ажырамай, ұлттық ерекшелігімізді сақтап, әлемнің озық игіліктерін пайдалана отырып, тұсаукесер, сүндетке отырғызу, сырға салу, тілашар және басқа да салтдәстүрімізді қайта түлетіп, сақтауымыз қажет. Алдағы уақытта балабақшалар мен мектептерде осы игі бастаманы кеңінен енгізу туралы мәселені жанжақты пысықтап, келер жылдан бастап жұмыстың ауқымын кеңейтуді жоспарлаудамыз», – деді қала әкімінің орынбасары.

«Ұлттың ұлт екенін көрсететін басты ерекшелігі – біріншіден, тілі, екіншіден, салт-дәстүрі. Бүгін міне, сіздер ата-бабадан қалған дәстүрді жаңғыртып, қоғамға шығарып, көрсетіп жатырсыздар. Өскелең ұрпағымыз ұлтымыздың осындай дәстүрі бар екенін біліп өсе берсін. «Елу жылда ел жаңа» дейді ғой. Жастарымыз батыстың жалған мәдениетіне еліктеп, өзіне жат ағымын бойына сіңіргенше, қазақтың қанына сіңген осындай ұлттық дәстүрді көзімен көріп, жүрегімен ұғынып өссе, ертеңгі ұрпағымыздың болашағына алаңдамай-ақ қоюға болар еді. Халқымыздың қай салт-дәстүрін алсақ та, онда рухани құндылық, тағылымды тәрбие жатыр. Осындай өнегелі іске атсалысып жатқан баршаңызға рақметімді айтамын. Жергілікті атқару органдары сіздерге қашан да қолдау көрсете берсін. Болашақта үлкен жобаға айналып, істеріңіз берекелі болсын!» – деп жылы лебізін білдірді «Үміт» дағдарыс орталығының директоры Ғалихан Ықсанұлы

«Бізде бәрі бар. Тарих та бар, дәстүр де бар. Бірақ біз оны әлі күнге дейін көрсете алмай, қастерлей алмай, қадірлей алмай жүрміз. «Қара шаңырақ» ұлттық тәрбие беру мектебінің ұлт болашағы, ұрпақ қамы үшін осындай игі істердің басы-қасында жүруі көңілге қуаныш ұялатады. Ұлт болашағы үшін атқарып жатқан жұмыстарыңыз келер ұрпақтың бағасын алып, нәтижесін берсін. Идеяларыңыздың барлығы жерде қалып қоймай, әрі қарай жүзеге асатынына сенім білдіремін», – деді Abai TV директоры Азамат Кеңесұлы.

«Сырға той» салтына келген қонақтарға «Қара шаңырақ» ұлттық тәрбие беру мектебі өз атынан қазақтың ұлттық тағамдары қойылған ақ дастарханын жайды және сый-сияпат берді. Қатысушылар ұйымдастырушыларға өз ризашылықтарын білдіріп, алдағы уақытта да осындай тәрбиелік мәні зор шаралар жалғасын таба берсе екен деген ізгі ниеттерін жеткізді. 

 

Зарина ӘШІРБЕК
01.09.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 29
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 41
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 24
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 41
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 17
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 53
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 155
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 159
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 362
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 342
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 959

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9036
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8432
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11660
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9415
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10641