Бас қаланың көркіне көрік қосқан сұлулық байқауы

Бас қаланың көркіне көрік қосқан сұлулық байқауы

 

Елорда күніне орай қалада 5 пен 16 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған «Астана Ханшайымы – 2024» сұлулық байқауы ұйымдастырылды. Байқауға Астана, Ақтау, Қонаев, Қызылорда, Орал және Павлодар қалаларынан 45 бала қатысты. Іс-шара елорда әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды. «Ауқымды іс-шара Қазақстанның түкпір-түкпірінен көптеген жұлдыздар келді. Мен бал биін билеймін, толқып тұрмын. 13 пен 16 жас аралығындағы 3 жас санатында өнер көрсетемін. Әрине, жеңіске жетуді көздеп отырмын», – деді байқауға қатысушы Ямура Қабикенова. Сұлулық байқауының негізгі мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің кимешек, сәукеле, жаулық, қамзол, бас киім (тақия) сияқты ұлттық киімдердің құндылығын бейнелейтін қазақ халқының мәдени мұрасымен байланысын қалпына келтіру. «Осы күнге дейін ата-анамның қолдауымен бір айдан астам уақыт бойы биге дайындадым. Толқып тұрмын, дегенмен бүгін өзімді жақсы жағынан көрсетіп, жүлделі орынға ие боламын деп үміттенемін. Байқаудың барлық қатысушыларына сәттілік тілеймін!» – деді байқауға қатысушы Айзере Құрманғалиева.

НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК
04.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 6655
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 6781
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 21765
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 20377
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 23868