Бауырды бауырдан айырған зұлым секта

Бауырды бауырдан айырған зұлым секта

Біз киелі кітаптан күш аламыз!

Сағынышты сәлем хат!

Саламатсыңдар ма, Алмас, Бақыт, Тоғжан, Бағдәулет, Дәурен!

Хал-жағдайларың қалай, жұмыс, оқуларыңда жүріп жатырсыңдар ма? Ағайын-туыстарға сәлем бізден! Ал өзіміз аманбыз. Әркім өз ісін атқарып дегендей, жайлап жүріп жатырмыз.

Алмас, Бақыт, сендерге хат жазуды шешіп отырмыз, яғни ара-қатынасымызды анықтап алуға және біздің неге бұл жолды қалағанымызды білулерің үшін. Біздің жалғыз бір құдайды біліп-танып, оған қызмет ғибадат етуді шешкенімізді өзіміздің аузымыздан естігендеріңді білетін уақыт келді ғой дейміз. Біз құдайдың киелі сөзінен тура білім алдық, өйткені бұл құдайдың бүкіл адамзатқа деген қалауы. «Ол әлі жақын тұрған кезде оған сыйыныңдар!» – делінген киелі кітапта. Киелі кітапты кім жаздырған? Киелі кітап 66 кітапшадан тұрады. Оларды шамамен 40 адам жазған. Алғашқы бес кітапшаны 3500 жыл бұрын Мұса пайғамбар жазса, соңғысын 1900 жыл бұрын емші Жохан жазған. Бірақ киелі кітап жазушылары өз ойларын емес, құдайдың сөздерін жазған. Сондықтан оның авторы – құдайдың өзі. «Өйткені пайғамбар емес, қайта, оны адамдар құдайдың киелі рухының қозғау салуымен айтқан» делінген киелі кітапта.

Иә, Алмас, Бақыт, құдай бізге өмір сыйлап отыр мәңгілік. Бұл құдайдың сыйы. Біз өз жағымыздан бұл сыйды қабыл аламыз ба, жоқ па? Бұны әркім өзі шешеді, бірақ қандай шешім қабылдасақ, соның жемісін өзіміз көреміз. «Бүгін көк пен жерді куәлікке шақырып, сендерге өмір мен өлім, бата мен қарғыс ұсынып отырмын. Өздерің де, ұрпақтарың да ұзақ ғұмыр кешу үшін, өмірді таңдаңдар» делінген. Біз де сендердің өмір мен батаны қабылдағандарыңды қалаймыз. Бүгінде бүкіл дүние қиыншылыққа толы. Қаншама адамдар соғыстан, табиғи апаттың кесірінен, ауру мен жоқшылықтан, жемқорлық сияқты зұлымдықтардан жапа шегуде және де өзіміздің күнделікті уайымымыз жетеді. Бізге тек бір ғана құдай көмектесе алады. Киелі кітабымда былай делінген: «Әйел өз сәбиін ұмыта ала ма, құрсағынан шыққан ұлын аямай ма?! Анасы ұмытып кеткенде де, «мен сені ешқашан ұмытпаймын!»

Киелі жазбалардан білген ақыл-кеңестерді өмірде қолдансақ, өміріміз жақсара түседі, өзгереді. Мысалы: адам жаттығу жасаса, 5 бұлшық еті қатая түсетініндей, біз сеніммен әрекет етсек, жақсара түсеміз. Сендер тұратын жерге бір жақсы дәрігер көшіп келді делік. Оған бірден сене қоймайсыңдар ғой. Естімейлеріңше біреулерге, әсіресе туыстарыңа қалай көмектесерсің. Естіп-білгеннен кейін ғана барғыларың келеді, солай емес пе? Біреу кеңестен бас тартады, ал құлақ асса, өмірі айтарлықтай жақсарар еді.

Айтқаныңның бәрі дұрыс. Бір құдайдың қалауы болса және балалар өздері қажет еткенде болады деп ойлаймыз. Құдай неке құрма деп жатқан жоқ, қайта мені тыңдап, бақытты өмір сүріңдер деген тапсырма берген о баста. Сол уақытта, яғни бақытты отбасы ғана өмір сүретін кез. Болашақта ауру, өлім, жылау жоқ болады бір құдайдың арқасында. Жақсы аман болып тұрыңдар!

Ерлі-зайыпты екеуі де ауылда өсті. Орта мектептен соң Ресейге оқуға аттанады. Оқуларын бітірген соң жұмысқа орналасады. Күндердің күнінде осы Иегова сектасының тұтқынына алдымен келіншегі түседі. Қанша бұлқынғанмен, көп ұзамай өзі де беріледі. Әке-шеше, бауырлары үгіттегенмен, адасқан отбасы өз діндеріне әзірге оралған жоқ. Өзі секта құрсауында болса да, келіншек абысынына да үгіт жүргізіп, Мәскеуден сәлемхат жолдайды. Біз оны ықшамдап беріп отырмыз. Бақыт келініміз оған тойтарыс береді. «Адаспаңдар, оралыңдаршы!» деп шырылдаған Бақыттың хатын да жариялап отырмыз.

Сағынышты сәлем хат, Амансың ба, жамағат?! Алла берген өмірге Разы болсын, қанағат! Сәлеметсіңдер ме? Құрметті ағатайым, тәтем, Жомарт, Сәния, Сұлтан, жағдайларыңыз қалай? Жұмыс, оқуларыңыз жүріп жатыр ма? Ал біз өзіміз, Аллаға шүкір, аманбыз. Құрметпен аға, тәте, сіздердің хаттарыңызды қабылдап алдық. Амандықтарыңызды білдік. Қатты қуанып қалдық. Бірақ, өкінішке орай, хаттарыңызды оқып, сіздердің топтан адасып қалған жағдайларыңызды біліп, еріксіз көзімізге жас алдық. Дегенмен сіздердің құдайдың тура жолында білім алып келдік дегендеріңіз көңілге өте қонымсыз жағдай болып отыр. Сіздер қай істеріңізбен, қай құлшылыққа сеніп, қай құдайды растап бересіздер? Себебі киелі кітапта 1) намаз оқымаса, 2) Құран оқылмаса, 3) ұрпақ үйленбесе т.б. себептермен бұл жағдайларды жоққа шығарасыздар. Біз бұған мүлде қарсымыз. Ойлап қарасақ, адам баласы Алла жаратқанда дүниеге келуден бұрын (яғни құрсақта жатқанда) адамның болашақ өмірінде не боларын не істейтінін, не екенін әуелде Алла өз орнына қойған емес пе?! Кім біледі, осы киелі кітап жолында болғандар мың жасап ауырмай, туған-туысы бүтін болып, көп өмір сүруіне кепіл бола ма? Бұл тек адасу деп ойлаймын. Мұсылманның иманы тек қана жүрегінде. Ол пендеге өзі тура жол ашады. Сіз оған араша бола алмайсыз. Осы дінді ұстағаннан бері қандай өзгеріс барын білесіз бе? Әрине, сізге білінбейді, өзгеге білінері анық. Туған елді артта қалдырып, діннен адасып, Аллаға серік қосып, тіпті бейкүнә балалардың өзі үлкен өзгеріске ұшырады. Бұл нағыз Аллаға қарсы күнә жасау деп білемін. Әттеген-ай, сол ауылдың қара домалақ балалары едіңіздер ғой. Әке-шешелеріңіз осылай болуын қаламады. Олар қатты намыстанды. Ата-анадан, ел-жұрттан қай жерлеріңіз артық? Артық емес, қайта тыртық болып отыр ғой. Әрі келешек ұрпаққа зардабын тигізуде. Ал көпшілік жерге барсақ, кластас, дос-жарандарыңыз сіздердің амандықтарыңызды сұрап, осылай өзгеріп кеткендеріңізді айтып, Алмас екеумізге сөз келіп, намысымызға тиюде. Міне, бұл өте сорақылық! Біз не дерімізді білмейміз. Әрине, елге сөз керек. Сіздердей болған адам арттағы іні-қарындасқа бас болып, жетелеп, табысты болуына себепші болу керек емес пе? Алайда, бұлай болған емес. Ниеттеріңіз ашық емес, біртүрлі тылсым қапаста өмір өткізіп жатқан сияқтысыздар. Аяулы ағашым, тәтешім. Мен сүйген жарым Алмасты қалай сүйсем, сіздерді дәл солай сүйем, сіздерді дәл солай махаббатпен жақсы көрем. Осы сөздердің барлығы туыстығым мен достығымның дәлелі болып отыр емес пе?! «Дос жылатып айтады» дейді дана халқым. Дәл осы Алматыда сіздер болсаңыздар, қандай жақсы болар едік. Алматыға да келмедіңіздер. Бұл да Алланың ісі ме? Жоқ, ол сіздердің өз қолдарыңыздағы іс. Әке-шеше парызы – баланы үйлендіру, жеткізу, міне, бұл Алланың, шариғаттың бұйрығы. Мұны орындай алмаған адам өзінің қандай жан екенін, адасқанын біле берсе болады. Мен сіздерді қимаймын, тіпті де қимаймын! Кейде ойлаймыз біздің әлсіздігіміз бе деп. Себебі біз сіздердің өз туғаныңыздан айырылып, басқаның жетегіне кеткендеріңізге өкінеміз. Бұл жайлы шешеңіз қайғыдан күн кешуде. Әкеміз құсадан кетті десе де болады. Бәлкім сіздердің келмеу себептеріңіз де осыдан болар. Ол жердің несін қимайсыздар? Иә болмаса араларыңызда жасырын бір іс бар ма? Алла бізге ақ жол ашқан еді ғой. Жері орыс, жүргені теріс, айтқаны керіс болса, несіне қызығып отырсыздар? Бір уақыт ойланатын кез болды ғой. Әлі де кеш емес. Сіздер қабыл алады деген сенімдемін. Хаттағы мына сөздерді оқығанда жүрегіміз ауырды. Болашақта ауру, өшу, жылау жоқ депсіздер. Ал келісейік, біз дүниеге келгенде ана құрсағынан жылап келіп, дүниеден жылап кетеміз ғой. Бұл міне сіздердің жазған сөздеріңізге қарсы болып отыр. Демек, бұл адасудың бір белгісі деп есептеймін. Шариғатқа қиянат жасамайық, біздің жүрегіміз тек Ислам дінін сүйеді. Әрі бұл Алланың берген аяны.

Алла Тағала «Әли Имран» сүресінде: «Кім исламнан өзге дін іздесе, қабыл болмайды. Сөйтіп ол ақыретте зиян шегетіндердің қатарында болады» деген. Исламнан басқа тура жолға бастар дін жоқ. Ағатайым, тәтешім, біз әлімсақтан бері мұсылманбыз. Адаспаңыздаршы, «Ат айналып қазығын табар» деген дана халқымыз. Сіздерді шынайы, хақ дінге қайта оралады деп сенемін. Ислам діні Құдайдың жер бетіне жіберген ең ақырғы діні. Алла тарапынан жіберілген және хақтығы зәредей бұзылмаған дін. Бұрмаланушылық пен өзгеріске ұшырамаған және қияметке дейін солай жалғаса беретін таза дін Ислам ғана. Алла тағала басқа бір аятта Пайғамбарымызға (с.а.у.) былай дейді: «Егер олар мұсылман болса, онда олардың тура жол тапқаны. Ал егер олар бет бұрып кетсе, (саған ешқандай зиян жоқ) сенің міндетің тек жеткізу ғана». Ағатайым, тәтем, менің де міндетім өзім білген ақиқатты сіздерге жеткізу ғана.

Біз сонау тарихымызға үңілетін болсақ, Алла Тағала былай деген екен: ер адам әйел адамға үстемдік ету керек. Ағатай, мен сізге үміт артып отырмын. Ойланыңыз. Сіз оқығансыз. Нағыз қазаққа тән жігеріңіз бар ғой. Біз пендеміз. Өйткені адам қияметте дұрыс жауап беруі керек. Соның ішінде бізде дұрыс шынайылық болу керек. Ораза ұстап, Құран оқыған адамға жаннаттан орын бар дейді. Егерде адам баласы өмірден өтер күнінде тілі кәлимаға келмесе, онда не үшін жер басып жүрміз? Бұл да мұсылманның қасіреті деп білемін. Сол үшін де адами тұрғыда иманға келу керек. Ислам дінінде бес парыз бар: 1) намаз оқу; 2) қажылыққа бару; 3) зекет беру; 4) ораза ұстау; 5) Аллаға сену. Міне, осыны орындаған адам ғана нағыз мұсылман бола алады. Ал бұған қарсы келгендер діннен шыққандар болып есептеледі. Жүрегіміз тыңдаса, көзіміз көрсе, құлақ естісе, бұдан не пайда, Алла деп шүкіршілік етпесек. Сол үшін де сабырлық, шыдамдылық керек. Алла Тағала кімді қаласа соны бақытты етеді ғой. Жүрегіміз мұсылман дінін сүйіп, құлшылық етіп, өз дінімізге бас иіп отырмыз. Басқа дінмен жүрген емеспіз, жүрмейміз де! Тек бір Алла барына сеніп, өмірде бар білгенімізбен Алланың құлы болып, иман келтіріп, өмірдің бақытты шақтарында отырмыз. Қамшының қысқа сабындай аз өмірде баянды, бақытты, иманды, таза ниетте, өз дінімізде болып аман-есен көрісейік. Әумин! 

 

Суретте: Бақыт (інім) отбасымен түгел осы ағымның құрбандары. Қазір Мәскеуде тұрады. Келініміз Айғанша оң жақтан екінші, Бақыт келініміз артта сол жақтан екінші. Сурет шамамен 20 жыл бұрын түсірілген

Ізетпен, келініңіз Бақыт 09.01.2017 ж.
29.10.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 42
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 127
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 36
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 42
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 51
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 42
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 124
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 127
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 319
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 312
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 935

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9008
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8403
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11629
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9386
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10613