Бейсен Құранбек шеберлігінің құпиясы неде?

Бейсен Құранбек  шеберлігінің құпиясы неде?

Азаматтығы бір биік, адамдығы бір биік, адалдығы бір биік болған журналист –  Бейсен Құранбек.

... 2020 жылдың көктемі еді. Мамыр айының 18-і жұлдызы қазақ журналистикасы үлкен қазаға душар болды. Бүгінде содан бері үш жыл өтіпті. Үш жылдан астам уақытта қазақ журналистикасы талай өзгерістерге ұшырады. Артынша Нұртілеу Иманғалиұлы, Амангелді Сейітхан сияқты нар тұлғалар бақилық болды. Бүгінгі күнде қазақ телевизиясына осындай кісілер жетіспейтіні айдан анық. Қазіргі кезде күнделікті өмірді теледидарсыз елестету қиын. Көбіміз күнімізді таңғы жаңалықты қараудан, телесериал көруден немесе қызықты бағдарлама көруден бастаймыз. Бірақ теледидардың адамға әсер ете алатын күшке ие екенін көпшілік біле бермейді. Көрерменге дұрыс ұсынылған телебағдарлама жоғары рейтингпен қоса, пайда алып келеді. Алайда қазіргі бағдарламалар рейтинг қуып, қазақы құндылықтарымызды ұмытып бара жатыр. Қазіргі қазақ теледидары – көптеген жанрлардың жиынтығы, ойлардың тоғысқан нүктесі. Бағдарламаның көпшілігі батыстан алынып, өз менталитетімізге сай келмей жатады. Қазіргі қазақстандық телеарналарда ток-шоулардың түрі көбейіп кетті. Бірақ оның барлығы қоғамға қажет пе? Олардың барлығы ток-шоудың міндетіне сай бағдарлама дайындап жүр ме? Көрермендер қай ток-шоуды таңдайды? Сондай-ақ ток-шоулардағы дыбыс-бейнелік құрылғыларының деңгейі қалай? Осы және өзге де мәселелер дәл қазіргі кезде жауап іздейді. Бүгінгі таңда тек құрғақ сөзден құралған ток-шоулар көп, оның барлығы көрерменге қызық емес. Осындай кезде Бейсен Құранбектің жүргізген «Айтуға оңай», «Қарекет» бағдарламаларын сағынасың. «Айтуға оңай» мен «Қарекет» Бейсекеңнің жаратылысын аша түсті, алақанымен от аялаған Прометей іспетті қуанышсыз жаураған мыңдаған жүректерге жылу сыйлады, үміт отын жақты. Біз «Айтуға оңайды» көріп өскен ұрпақпыз, ал қазіргілердің қарап жүргендерін көрсең, қарның ашады. Блогерлердің өмірі, телеарнада үш сағаттан астам уақыт бір-біріне қыз бен жігіт іздеп, жаға жыртысып жүрген жастар, белден төмен, төсек төңірегіндегі әңгімелерді эфирге шығару – бұның барлығы да рейтинг үшін өмір сүріп жүрген бағдарламалар. Ал қоғамдағы мәселелерді көтеріп жүрген, халыққа шынайы көмек қолын созып жүрген бағдарлама қалмады. Иә, заманға сай тележурналистика – тез жаңарып отырар жедел ақпарат құралы. Сондықтан болар, уақыт өте келе көгілдір экранымыздың жағдайы ауысып жатқаны. 

«Айтуға оңайдың» алғаш тізгінін ұстаған жылы Бейсен Құранбектің жасы 41-де еді. «Айтуға оңайды» жүргізген бес жылда Б.Құранбек халық өмірінің шын бейнесін, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайдың боямасыз шындығын көрсетті, айта білді. Міне, жүргізуші шеберлігі деген осыда болса керек. «Айтуға оңай» ток-шоуының жүргізушісі Бейсен Құранбек тек жүргізуші ғана емес, бағдарламаның ыстығына күйіп, суығына тоңып, жанын салып қызмет істеген Үркердей шығармашылық топтың әрі қамқоршысы, әрі жол нұсқап, бағдар берген жетекшісі де бола білді. Жүргізуші ретінде Бейсен Құранбек «Айтуға оңайдың» тынысын ашты. Ток-шоу жүргізушісі қандай болуы керек дегеннің дайын үлгісін көрсетті. Әрине, «Айтуға оңай» да Бейсен Құранбектің телевизиядағы бағындырған биіктерінің біріне айналды. «Айтуға оңай» мен «Қарекетті» ерекшелеген тұсы – қазақы қалып пен қазақы байып. Бұл қалып, бұл байып бағдарламаға оның тізгінін ұстаған азамат арқылы дарығаны тағы рас. Эфир – айна. Әр бағдарламаның мінезі, болмысы, түйсігі, түсінігі болады деп есептесек, тележәшіктің алдында сол кезде отырған «Қарекеттің» көрермені әр сәт, дауыс ырғағы, тіпті пауза арқылы Бейсен Құранбектің мінезін, болмысын, ойын, кейде ішкі қулығын да аңғара алды. Жұмбағы да жоқ емес. Б.Құранбек бір сұхбатында: «Мен онсыз да әр кеш сайын қырық минут елдің мазасын аламын. Сол себепті экранға шығуға, сұхбат беруге құмар емеспін», – деген. Мұны сыпайылық деп ұғу немесе мәдениетінің жоғарылығына балау әркімнің өз еншісінде, бірақ Б.Құранбек айтарын айтты. Мүмкін оған өзі туралы айтқаннан гөрі әлеуметтің мәселесін айтқан ыңғайлы болған шығар. Ал бағдарламаны көріп отырып, оның осы әлеуметтің қай мәселесіне қалай қарайтынын аңғару қиын емес, сезінгісі келген адам бірден түсінеді. Әрине, Б.Құранбек қызуқанды адам емес еді, бірақ Жетісудың Іле өзені сияқты тынып ағатын мінезі болатын. Беймаза ойдан ада. Ішкі ағысы қатты. Ал, әр адам бойындағы қарым-қабілетін, ойы мен көзқарасын әрқилы білдіреді, мақсатын әртүрлі тәсілмен жүзеге асырады. Өз бойындағы көшті алға сүйрей алатын қасиетін Б.Құранбек өте нәзік әрі сыпайы түрде дәлелдеп берді. Замана көшінің қайда жылжып бара жатқанын елдің оқығаны алдымен аңғаратыны анық. Ал соны тележүргізуші ретінде сезіну мен кейінгі жұртты сол көшке ілесуге шақыру екеуі екі бөлек. Оны биік мінберде, жылы кабинетте айту бір басқа, ал «жегені жантақ…» бола жүріп, журналистиканың қара қазанында қайнай жүріп айту бір басқа. Ел азаматы ғажабынан азабы көптеу екінші жолды таңдады. Бейсен Құранбек «Айтуға оңай» жобасының ыстық-суығымен бірге күйіп-піскен, оның қыры мен сырын жақсы білетін автор ғана емес, соның бел ортасында жүрген күрескер журналист болды. Рас, журналистік зерттеу, тіпті 5 минуттық сюжеттің өзі шығармашылық топтың сом еңбегінен тұрады. Бұл ток-шоуда да біраз журналист қыз-жігіттер тер төкті. Бірақ дайын өнімді эфирге шығару тұрмақ, кейбір тележүргізушілердің талайы бір ауыз сөйлем құрай алмайтыны анық. 

Сонымен қазіргі тележүргізушілікті жоғары кәсіптік деңгейге шығарып отырған әлемдік журналистикада оларға қойылатын талаптар мыналар екен: өзінше ойлап, қорытып жеткізе білу қабілеттілігі; сауатты сөйлеу және сауатты жазу; шығармашылық топпен жұмыс істей білу; көрермен алдында өзін-өзі ұстай білуі; жаңаша ойлау және шығармашылық қабілет. Міне, осы қасиеттердің барлығы тележүргізуші Бейсен Құранбектің бойынан табылған еді. 

Көпке топырақ шашудан аулақпыз, кейбірлеулер біреудің еңбегі арқылы өзін тегін жарнамалап, эфирде «жұлдыз» атанып кеткен талай тележурналистерді де білеміз. Бүгінде тележүргізуші болу үшін көзің ойнап, жүзің жайнап тұрса болды, кім болса сол меңгеріп кететіндей «жұлдыз» болудың ең оңай тәсіліне айналып кеткені, тележүргізушілік арқылы «карьера» жасауға ұмтылушылық қазіргі тележурналистикадағы тоқырауға алып келген басты себептердің бірі болып отыр. 

Ел ішінде «Айтуға оңай» атанып кеткен азаматтың елдің есінде ендігі қалған сөзі «Қарекет қылайық!» болды. Б.Құранбектің қойын дәптерінде қалған жазбалардың біріне көз салсақ, оның өмірлік принциптері жайлы тағы да ойланамыз: «Ар сақта! Намысты бол! Талаптан! Қарекет қыл! Тәуекел ет! Уәдеге берік бол! Мәрт бол! Ақылға сал! Қайратты бол! Жүрегіңді жылыт! Біліміңді көбейт! Өнер үйрен! Салт-дәстүрді ұста! Дәстүрді, мәдениетті игер! Ата тарихтан тәлім мен шабыт ал! Өзіңе, өзгелерге, айналаңа жақсылық жаса!». 

Өмірінің соңғы сәтіне дейін айналасының амандығын тілеген, талай адам алақанымен қалқалап, жанталаса қорғаған үміттің әлсіз шырағы жалп етіп сөнді, бірақ оның сәулесі талай жүректе қалып қойды. 

РАУАН МУТАИР
29.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАР ҚҰРМЕТ ҚҰШАҒЫНДА
Тараз қаласының әкімдігі - 09.10.2024 25
ҚҰДАЙ-АУ, ҚАЙДА СОЛ ШАЛДАР?!
Бауыржан Омарұлы. Онлайн Қазақстан - 09.10.2024 67
 ТҮЛКІБАС АУДАНЫНЫҢ ЕҢ ШАЛҒАЙ ЕЛДІ МЕКЕНІНЕ ГАЗ БЕРІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 09.10.2024 63
КЕНТАУДАҒЫ ЖЫЛУ ОРТАЛЫҒЫНДА 4 ҚАЗАНДЫҚТЫ ЖАҢАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 09.10.2024 58
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 09.10.2024 64
Абысын-ажындар сахнада сайысты
Кәмила САПАРХАЙЫР, «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі Алматы облысы Іле ауданы филиалының төрайымы - 25.09.2024 1002
Алаш жұрты  Ғарифолласынан айырылды
«Qazaqstan dauiri» газеті мен «Мөлдір бұлақ» журналының ұжымы - 25.09.2024 842
13 жасар оқушы  бес түрлі қамшы өреді
Бағдәулет Нұрмат, Түркістан облысы - 25.09.2024 883
530 өлең жолынан  тұратын кітап
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 25.09.2024 820
Ұстаздар 8 перзент  тәрбиелеп отыр
Бағдәулет Нұрмат, Түркістан облысы - 25.09.2024 853

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 5837
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 5279
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 8460
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 6266
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 7478