Сенаттың жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов: «Біз Жаңа жылға дейін бензин бағасын көтергелі отырғанымыз жоқ. Жалпы, келесі жылға да әзірше қорымыз бар. Дегенмен, әрине, бәрін жағдайға байланысты қарастыратын боламыз. Керісінше, біз АИ-92 маркалы бензин бағасының тұрақтылығын ұстап тұрмыз. Қазіргі міндет – сол бағаны сақтап қалу. АИ-92 бағасы 182 теңгеден бастап, кейбір өңірлер 187 теңгеге белгілеуге мәжбүр болды. Себебін түсіндірейін. Мысалы, ШҚО, бұл өңір мұнай өңдеу зауыттарынан шалғай орналасқан. Яғни бензинді жеткізу тек автовоздармен жүзеге асырылады. Теміржол қатынасы жоқ. Сондықтан жекелеген өңірлерде АИ-92 бензині бағасын 187 теңгеге дейін көтеруге келістік», – деп жауап берді.