Билік депутат ұсынысына құлақ аса ма?

Билік депутат ұсынысына құлақ аса ма?

Вице-премьер Роман Склярға жолдаған депутаттық сауалында «Отбасы банк» ұсынатын тұрғын үй бағдарламаларының шарттарын қайта қарастырып, оған өзгерістер енгізуді ұсынған Мәжіліс депутаты Айгүл Нұркина: «Менің ойымша,  «Отбасы банк» арқылы жүзеге асырылатын мемлекеттік бағдарламалар кейбір азаматтар үшін қолжетімсіз.  «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша үй алу үшін еңбек немесе кәсіпкерлік қызметінен түскен зейнетақы жинағы бойынша отбасылық кірісті растау қажет. Төлем қабілеттігін растауда ең көп «Мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасы» санаты қиындық көреді. Мысалы жалғызбасты ана мүгедек баласын тәрбиелеп отыр делік. Оның ресми жұмысы жоқ, зейнетақы жинағы да жоқ, тиісінше ол бұл бағдарламаға қатыса алмайды, тіпті төлем төлеуге қабілетсіз болғандықтан, қосалқы қарыз алушыны да тарта алмайды. Мұндай отбасыда қандай кіріс болуы мүмкін? Мүгедек баланы тәрбиелегені үшін 1,4 күнкөріс деңгейі, яғни 48 023 теңге ғана төленеді. Оның үстіне, жалдамалы пәтерде тұратын мұндай отбасы жәрдемақысын сол үйдің ақысын төлеуге жұмсауға мәжбүр. Осыған байланысты бұл санаттағы адамдардың табысына жәрдемақыны қосу мүмкіндігін қарастыру керек деп санаймыз. Бұл келешекте қосалқы қарыз алушыны тартуға септігін тигізеді. Соңғы үш жылда мемлекеттік тұрғын үй қорынан тек 3 мыңға жуық адам баспана алды. Ал «жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санаты бойынша үй кезегінде 59 мыңнан аса адам тұр. Бұл санаттағы азаматтар, сондай-ақ, халықтың әлжуаз тобына да жатады. Оларға кәдімгі ипотека шарттарымен пәтер алу қиын. Сол себепті мен «Бақытты отбасы» бағдарламасының қатысушылары тізіміне жетім балаларды да қосуды ұсынамын. «Отбасы банктің» танымал бағдарламаларының бірі – «Шаңырақ» жобасы. Оның басты шарты – өтініш берушінің кірісі әр отбасы мүшесіне шаққанда 3,7 ең төменгі күнкөріс деңгейінен асып кетпеуі керек. Дәл осы талап бағдарламаға бюджет саласы қызметкерлерінің қатысуына мүмкіндік бермейді. Өйткені президенттің тапсырмасымен жыл басынан бері мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға өсті, алдағы үш жылда тағы артады. Бұдан бөлек, пандемияға байланысты дәрігерлер мен бюджет саласы қызметкерлерінің еңбекақысы ұлғайды. Осыған байланысты «Шаңырақ» тұрғын үй бағдарламасын 2025 жылға дейін іске асыру, қатысушылар үш ең төменгі күнкөріс деңгейін ұлғайту қажет деп санаймыз»,— деді. Өте орынды талап. Тек бұған билік құлақ асса деңіз.

Ермек Сахариев

 

Ермек Сахариев
17.09.2021

Ұқсас жаңалықтар

ЖАС МАМАНДАРДАН ТАПШЫЛЫҚ КӨРУДЕМІЗ
Аманкелді ЖҰМАШҰЛЫ, Алматы – Ақтөбе - 30.11.2024 40
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 88
Қаратүнектегі маздаған шырақ
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 29.11.2024 70
Батырға арналған жиын
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 29.11.2024 34
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 77
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 88
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 77
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 74
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 82
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 73
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 80
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 78
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 299

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9311
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8705
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11934
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9707
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10914