Синтетикалық есірткіге қарсы іс-қимыл мақсатында ағымдағы жылдың 10 шілдесінде облыс прокуратурасы «Narko Shekteu Taraz» телеграм-ботыН таныстырды.
Пилоттық жоба басталғаннан бері 1200 хабарлама келіп түсті. Оның 1176 заңсыз контенттері бар сайттар, 21 есірткі жарнамасы бар граффитилер, 3 притондар туралы хабарламалар.
Анықталған 1 116 сайттар бойынша Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Кибернадзор» бағдарламасының мүмкіндіктері арқылы оларды бұғаттау және жою бойынша жедел шаралар қабылданды.
Граффити туралы 16 хабарлама полицияға жолданып, процессуалдық шешімдер қабылданып, граффитилер жойылды.
Жалпы, халық арасында пилоттық жобаны іске асыру туралы ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мысалы, бағдарламаны пайдалану ыңғайлылығы үшін QR-код арқылы оңайлатылған кіру қарастырылған, ол облыс орталығы мен аудандардың барлық қоғамдық орындарында орналастырылды.
Жобаны іске асырған сәттен бастап тұрғындар мен еріктілер азаматтық ұстанымын белсенді түрде көрсетті, бұл құқық қорғау органдарымен кері байланысты қамтамасыз етті.
Ең үздік еріктілер облыс прокуратурасының алғыс хаттарымен марапатталды.
Қорытындысы бойынша облыс прокуроры мен Полиция департаментінің бастығы жобаны толық көлемде іске қосу және өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру туралы бірлескен бұйрыққа қол қойды.