Бірлігі бекем, тірлігі түзу Ақермен

Бірлігі бекем, тірлігі түзу Ақермен

Меркі ауданына жұмыс сапарымен барғанымызда, баспасөзге жауапты өкілдер Ақермен ауылдық округі барлық негізгі көрсеткіштер бойынша ауданда алдыңғы қатарда тұрғанын айтты. Сондықтан да аталған ауылдық округтегі жұмыстарды арнайы барып, көруді жөн санадық.

Ақермен ауылдық округі аудан орталығынан 30 шақырым қашықтықта орналасқан. Дегенмен, меркілік елді мекендердің орналасу жағдайына үңілсек, бұл алыс ауылдардың қатарына жатады. Құрамына төрт елді мекенді қамтитын аталған ауылдық округте бүгінде 2412 тұрғын бар. Округті осы ауылдың тумасы Ғани Байдәулетовтің басқарғанына бес жылға жуықтаған. Биыл қаңтар айындағы ауылдық округ әкімін сайлау кезінде де көпшілік Ғани Ізбасарұлына сенім білдірген екен.

Мұнда ауыл тұрғындарына бір орта, бір бастауыш мектеп, бір дәрігерлік амбулатория, екі медициналық пункт, бір мәдениет үйі, кітапхана, екі бөбекжай-бақшасы, мешіт, «Қазтелеком», «Қазпошта» акционерлік қоғамының ауылдық бөлімшелері қызмет көрсетеді. Ақерменге биыл «Ауыл аманаты» бағдарламасымен несие алу мүмкіндігі бұйырыпты. Қазіргі таңда 104 үй аталған жеңілдетілген бағдарлама бойынша несиелерін алып үлгеріпті.

Айта кетерлігі, Ақермен ауылдық округі толығымен ауыз сумен қамтылған. Округтегі 17 көшенің 4-еуіне биыл «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша асфальт төсеу көзделуде. Ауылдық округі бойынша абаттандыруға 250 000 теңге қарастырылып, 2 шақырым арықтар мен каналдар, 7 шақырымды құрайтын 17 көше, барлық скверлер мен алаңдар қоқыстан тазартылып, 80 түп ағаштар және гүлдер отырғызылыпты. Күл-қоқыс орындары тазартылған. Округ аумағы жалпы алғанда таза деуге болады. Кентай, Алтын арық, Ақкөз-Қайнар ауылдарына жалпы көлемі 28500 мың теңгеге кіші футбол алаңы мен «Street Workout» спорт алаңшаларының құрылысы жүргізілуде. Кентай, Ақкөз-Қайнар ауылдарына жалпы көлемі 9993,5 мың теңгеге балалар ойын алаңы салынып, пайдалануға беріліпті. Ақермен, Кентай және Алтын арық ауылдарының 426 үйінің 336-сына көгілдір отын кіргізілген. Қазіргі уақытта, әр үйге газ кіргізу жұмыстары жалғасын табуда. Ақкөз-Қайнар ауылына табиғи газ құбырлары тартылып, 8 үйге көгілдір отын кіргізілгені де – игі іс. Округ аумағында тұратын аз қамтылған тұрмысы төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөнінде округ әкімі аппаратының жанынан арнайы комиссия құрылып, жұмыс істейді. Биылғы жылғы қаңтар-маусым айларында округ аумағында тұратын 12 отбасына тағайындалып, 2 миллион 401 мың теңге төленіп отыр екен. Жалпы, ауыл тіршілігіне ілгерілеушілік бар.

– Біздің барлық тәулігіміз осындай қарбаласпен өтеді. Себебі, төрт ауылдың тынысын тең бақылап отыру оңай шаруа емес. Аудандық мәндегі 4 көше биыл жөнделсе, алдағы жылдары 12 көшені күрделі жөндеуден өткізсем деген жоспар бар. Алдағы уақытта да игі істер жалғасын таба береді деген ойдамын, – деді округ әкімі Ғани Ізбасарұлы.

 

Есет ДОСАЛЫ

Меркі ауданы

Ақ жол
06.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 43
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 135
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 38
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 44
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 54
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 43
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 131
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 135
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 324
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 317
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 941

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9013
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8409
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11634
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9392
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10619