Бірлік күнін тойлауға жаңаша көзқарас қажет. Осындай тақырып аясында дөңгелек үстел өтті

Бірлік күнін  тойлауға жаңаша көзқарас қажет. Осындай тақырып аясында дөңгелек үстел өтті

 Осы кітапхананың кітапханашы-библиографы, дөңгелек үстелді жүргізуші Ағайса Елена Жамелқызы өзінің алғысөзінде елімізде 130 ұлт барын және отыз бір жыл өмір сүрген Ассамблея енді Президенттің бастамасымен Кеңес болып өзгеретініне тоқталды. 

Шынында да осы аталған ауқымды цифр кеңес өкіметі кезінде айтылып қалды да, бүгінгі күнге дейін иә азаймай, иә көбеймей қалып қойды. Негізі 130 этнос деп айтылуы тиіс. Қазақтың байырғы тұрғыны қазақ қана ұлт деп аталғаны жөн деп қайта-қайта айтып жүрсек те, баяғы жартас – бір жартас күйінде қалып отыр. Мен мұны өз сөзімде тағы да айттым. Ал Ассамблеяны тарих қойнауына жіберетініміз көңілге қонымды.

Бұл дөңгелек үстелдің 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналып ұйымдастырылып отырған шара екенін сіздер жақсы біліп отырсыздар. «Тарихтан тағылым: халықтар достығы – мәңгілік мұрат», «Татулықтың тамыры отбасынан басталады», «В единстве –   наша сила», «Сыйлы жастар – бейбіт болашақтың кепілі» сынды тақырыптармен шешендер ой бөлісті. «Аманат» партиясының өкілдері, ардагерлері, өнер адамдары, студенттер қатысқан алқалы отырыста ән шырқалды, күй тартылды. Кітапхана басшысы Мақпал Мұхаммедова дөңгелек үстелді түйіндеді.

Қалай болғанда да, мұндай шаралар керек. Бірақ мұндай айтулы мерекелерге жаңашыл көзқарас қажет. Мәселен, қазақ халқының қонақжайлығы, ауыр нәубет замандарда атамекеннен ауып келген басқа этнос өкілдерін кең құшағына сыйдырып, қамқор болғаны айтылып отырғаны дұрыс. Жастар бұл оқиғалардан қазір бейхабар. Шындықты, шынайы жағдайды білуі тиіс. Ол үшін қысқа сюжетті көріністерді пайдалансақ, сол оқиғаларға куә болған аға ұрпақтың балаларын әкеліп сөйлетсек. Иә, тойлау да керек, ойлау да керек.

Е. ЕШМҰРАТТЕГІ,

Алматы қаласы

 

29.04.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 24694
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24359
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 41801
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37678
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42094