БІРЫҢҒАЙ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІ - ТҰРҒЫНДАР УАҚЫТЫН ҮНЕМДЕУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

БІРЫҢҒАЙ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІ - ТҰРҒЫНДАР УАҚЫТЫН ҮНЕМДЕУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ
 
Қазіргі заман ағымына сай кез келген тұтынушы барлық қызметті бірыңғай жүйе арқылы төлеуге бейімделіп келеді. Бұл әдіс әсіресе үлкен қалалар мен мегаполистерде дағдыға айналған. Дәл осындай жүйені ауданымызға енгізу мақсатында алматылық “YURTA Dom” брендімен жұмыс істейтін «ИВЦ» ЖШС компаниясымен кездесу өткіздік.
Аталған серіктестік электр жарығының, газдың, қоқыс тасудың, байланыс жүйесінің және тағы басқа да коммуналдық қызметтердің ақысын тұрғындар үйден шықпай-ақ смартфон арқылы бір уақытта төлейтін бірыңғай төлем жүйесін ұсынып отыр. Бұл салада үлкен тәжірибесі бар серіктестік өкілдерінің айтуынша, олардың бағдарламасы барлық коммуналдық төлемақыны тұрғындар арасында уақытылы төлеу мәдениетін қалыптастырады. Осыған орай, жауапты бөлім басшыларына аталмыш компания ұсынып отырған жүйені егжей-тегжейлі зерделеуді тапсырдық.
Жалпы, бұл жүйе ауданымызға қажетті дүние деп ойлаймын. Өйткені, бізде коммуналдық қызметтер үшін төлем бойынша бірыңғай абоненттік база пайда болады және сол арқылы тұрғындар өздерінің уақытын үнемдейді. Бұл бағыттағы жұмыстар тағы бір мәрте пысықталып, жан-жақты зерделенген соң нақты жұмыстар қолға алынатын болады.
Бақытжан Жәнібеков , Шу ауданының әкімі
26.09.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5019
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5183
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20138
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18783
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22240