Биыл 105 отбасы баспанамен қамтылады

Биыл 105 отбасы баспанамен қамтылады

Биыл тұрғын үй кезегіндегі азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жоба шеңберінде құны 13,2 миллиард теңгеге 3929 пәтерлі 74 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.

Жыл қорытындысымен 2564 пәтерлі 45 тұрғын үйдің құрылысын аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда.

Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік осал және көпбалалы отбасыларды баспанамен қамту мақсатында осы жылға 797 пәтерді сатып алуға республикалық бюджеттен 7,6 миллиард теңге қаржы бөлінген.

Бұдан бөлек, жекеменшік инвестиция есебінен 435 пәтерлі 14 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын жыл соңына дейін аяқтап, мемлекеттік бюджет қаражаты және жеке инвестиция есебінен жалпы 698,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында бюджет қаражатынан 280 пәтерлі төрт кредиттік тұрғын үйдің және жекеменшік инвестиция есебінен 324 пәтерлі 7 үйдің құрылысы аяқталған.

Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметінің алаңында өткен кезекті баспасөз мәслихатында облыс әкімдігі құрылыс басқармасының басшысы Данияр Әбдібеков мәлімдеді.

Басқарма басшысының сөзіне сүйенсек, жалпы бюджет қаражаты және жеке инвестиция есебінен 304,1 мың шаршы метр тұрғын үйлер пайдалануға беріліп, былтырғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 101,8 пайызға асыра орындалған.

– Биыл бюджет қаражатынан 9,7 миллиард теңгеге 77 инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жобаларының құрылысы жүргізіліп, жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін 2 жаңа алқапта, яғни Жамбыл ауданындағы Аса ауылында 811 жер телімі және Сарысу ауданындағы Құрылысшы алқабында 58 жер телімі беріледі.

Өздеріңізге белгілі, облыс аумағында «Асарлатып үй салу» жобасы басталған болатын. Жоба басталғалы 338 отбасы баспанамен қамтылды. Ал, осы жылы 105 отбасыны баспанамен қамту жоспарланып отыр.

Бүгінгі күнге 11 үй тапсырылса, қалған 94 үйдің құрылысын жоспарға сәйкес жыл соңына дейін тапсыруға ниеттіміз, – дейді Данияр Темірбекұлы.

Жиын соңында басқарма басшысы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қойған сауалдарына нақты жауаптар берді.

 

Мақпал САМАТҚЫЗЫ., Ақ жол
08.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 43
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 133
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 37
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 43
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 53
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 43
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 129
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 133
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 323
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 316
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 940

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9013
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8408
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11634
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9391
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10618