Биыл 9, келер жылы 25 мектеп ашылмақ

Биыл 9, келер жылы  25 мектеп ашылмақ

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек инстаграм парақшасында жыл соңына дейін қалада тағы 9 жаңа мектеп ашылатынын мәлім етті. Бұл – қуанышты жаңалық.

«Осы жылдың соңына дейін тағы 9 мектеп ашуды жоспарлап отырмыз. Олардың сегізі – Мемлекет басшысының «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған мектептер, тағы біреуі – жеке мектеп. Аталған тоғыз мектеп екі ауысымда тағы 30 мыңнан астам оқушы орнын ашуға мүмкіндік береді. Мәселен, Есіл ауданында 4 мектеп орналасады, Нұра ауданында – 3 мектеп, Алматы ауданында – 2 мектеп. Қаланы аралау барысында бірқатар оқу орнының құрылысымен таныстым. Бұл мектептердің арқасында 3 ауысымды 4 мектептің және тығыздылығы жоғары 3 мектептің қиындығы шешіледі.

Оқу жылының басында біз 15 жаңа мектеп аштық. Жаңа мектептердің арқасында 3 ауысымда оқыту жүргізілген 5 мектептің және тығыздылығы жоғары 4 мектептің қиындығы шешілді. Біз сол сияқты алдағы жылдарға да дайындалып отырмыз. 2025 жылы тағы 20-дан астам мектеп салып, пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз», – деп жазды елорда әкімі.

НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК
25.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

«Ұлттық баспасөзге  деген сенім мен құрмет үзілмесін!» деген ел Президентінің пәрменін аяққа таптаған кім?
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері - 28.11.2025 549
Ымырт ерте үйірілетін өлке
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2025 552

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 20874
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 20657
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 35791
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 34311
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 38193