«Біз әйел айырбастайтын ұлт емеспіз!»

«Біз әйел айырбастайтын ұлт емеспіз!»

Біздің елде ертеректе бір кісі ғұмыр кешіпті. Алаңғасарлау, кеппелеу, намыссыздау болса керек. «Жүз грамм» десе, жүзі алабұртып кететіні тағы бар екен. Әйелі де жеңілтек болып шығады. Ол кезде «КамАЗ» көлігін көбіне орекеңдер жүргізеді. Ауылға құрылысқа керек-жарақ материалдарды таситын солар. Қаладан келетіндіктен, арақ- шарап кабиналарынан арылмайды. Ауылда қонақүй жоқ. Сондықтан ауылдың шет жағына барып ішетінін ішіп, жейтінін жеп, машинаға қонады. Аузы-бастары сасып жүретін оларды қазақтар үйіне өлсе қондырмайды. Әйел-қыздарын қызғанатыны екі бастан.

Жоғарыда сөз еткен кісі күндерден күндер өткенде «Камазистерге» жақындай бастайды. «Сөздері жарасып», олармен ауылдың іргесінде «гәр-гәрлататынды» шығарады. Күнде той. Рақат! Бірте-бірте «Камазистер» даланы қойып, әлгі кісінің үйінің қасына көліктерін «иіріп» қоятын жағдайға жетеді.

Бір күні бір замандасы «Осы ит не істеп жүр?» – деп үйіне барса, бөлме көк түтін. Бәрі мас. У-шу. Әлгі кісі де мас. Төрде түйенің жарты етіндей дәу орекең әлгінің әйелін құшақтап сүйіп отыр дейді. Намысы қозып кеткен құрдасы: «Ей, ит неме, саған арақты беріп-беріп ана дәу қатыныңды аймалап отыр ғой!» – десе, араққа тойып алған анау: «Құрдастығын істеп отырған түрі ғой. Қайтейін енді, менің әйелім оның әйелі емес пе?» – деген екен тілі күрмеліп.

Ж а з у ш ы Ж ү с і п б е к Қорғасбек а ғ а н ы ң Әмірхан Меңдекенің «Жалғыздық, сені қайтейін?» кітабы бойынша өткізген сыр-сұхбатын көріп отырып, елде болған осы оқиға есіме түсе кеткені. Сұхбаттан ұғынғаным, Әмірхан аға Әуезов шығармашылығын архив арқылы зерттеген. Сол кезде «Абай жолы» романынан «Тобықтының екі жігітінің әйел айырбастау» оқиғасының алынып қалғанын көреді.

Әмірхан Меңдекенің айтуынша, романды талқылау барысында әдебиетіміздің классигі Ғабит Мүсірепов өзі бастап осы оқиғаның басылуына қарсылық білдіреді. «Біз әйел айырбастайтын ұлт емеспіз. Егер бұл жарыққа шықса, қазақ халқының сүйегіне басылған қара таңба!» – дегендей ойлар айтыпты. Сөйтіп, бұл оқиға кітаптан түсіп қалады.

Мені қатты таңдандырғаны, жазушы Әмірхан Меңдекенің «Егер алаш қайраткерлері Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Мағжан Жұмабаевтар тірі болғанда, бұл «Әйел айырбастау оқиғасын романнан алдырмайтын еді» деген көзқарасы. Тас түйін сенімі.

Бұған сіз не дейсіз, ағайын?

Өздерінің жеңістеріне масаттанған екеудің (Тобықтының жігіттері) Құнанбайды мұқаттық деп, «Әйел айыр - бастай» салуы адамшылықтан, мұсылманшылықтан, ар-ұяттан безіну емес пе?! Өйтіп елдің атағын шығару кімге керек?

Олай болса ұлтым деп отқа түскен алаш қайраткерлері (тірі болғанда) дәстүрде жоқ арсыздықты қолдауы мүмкін бе? Әмірхан Меңдеке неге сүйеніп олай айтты екен, ә?! 

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
10.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 40
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 117
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 34
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 41
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 49
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 41
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 112
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 117
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 309
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 303
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 926

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8999
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8394
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11619
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9377
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10603