Біз азапты да, шеттетілуді де көрдік

Біз азапты да, шеттетілуді де көрдік

Байниязов Бақыт Серікбайұлы Қызылорда облысы Қазалы ауданы «Қазақстанның 40 жылдығы» атындағы совхоздың, қазіргі Жанқожа батыр ауылының тумасы. Ауылдағы оқуды бітірісімен Қазалы қаласындағы СПТУ-дың зооветеринарлық курсын бітірген бойда Кеңес армиясы қатарында азаматтық борышын өтеп келіп, Алматы қаласындағы Зооветеринарлық институтқа оқуға түседі. 1986 жылы Желтоқсан оқиғасына белсенді қатысушылардың бірі ретінде абақтыға жабылады. Милиция бөлімінде ұрып-соғудың, зорлық-зомбылықтың куәсі болады, басынан өткізеді. Қылмыстық іс қозғалғалы жатқанда Ұлы Отан соғысының ардагері, «Қызыл жұлдыз» орденінің иегері – әкесі Байниязов Серікбайдың араласуымен әкімшілік соттың жазасымен абақтыдан босайды. 

Сот шешімінің көшірмесін алған институт әкімшілігі комсомол қатарынан, институттан шығарады. «Алматыға оралмаймын» деген қолхатын алып, елге қайтарады. Ауылға оралған Бақыттың ізінен Ауылдық кеңеске, совхоздың партия, комсомол комитетіне Байниязов Бақытты көзден таса қылмай бақылауда ұстау туралы тапсырма келеді. Аядай ауылға естілген бұл жай ауылдың үлкен-кішісіне үрей туғызады. Жас жігітке жат кісідей қаратады. Мекемелер жұмыс беруден бас тартады. Ата-аналар балаларын Бақытқа жолатпауға тырысады. Құрбылары ештеңеге түсінбей, әрі-сәрі күйде жүреді. Әсіресе ай сайын аудандық әскери комиссариатқа шақырған повестка жүйкесіне тиеді. Барса, военкомның кабинетінде ҰҚК-нің қызметкері отырады. Жүйкеге тиетін неше түрлі сұрақтар беріп, соңында ешкімге ештеңе айтпау жөнінде қолхат алып, жібереді. Сөйтіп жүргенде Мұхтар Шаханов басқарған комиссия шешімімен оқуына қайта оралады. Бұл кезде курстастары оқуды бітіріп кеткен болатын. Бақыт өзімен тағдырлас желтоқсаншы Қазалы қаласының қызы Оразкүлмен отбасын құрып, бір ұлды болған еді. «Шал студент» болып жүріп оқуды жақсы аяқтап, Алматы облысының ауылшаруашылық саласында зоотехник, бас зоотехник қызметін абыроймен атқарады.Тоқырау кезінде совхоздар тарап, Алматы қаласына қызметке ауысады. Жас ұлғая бастағандығы болар, денсаулығы сыр бере бастайды. Көрінген дәрігерлер Желтоқсандағы алған жарақаттар әсері екенін айтады. Амал жоқ, сол күндерді қайта еске алуға, архив құжаттарына жүгінуге тура келеді. Желтоқсаншы статусымен қатар Қазақстан заңдары баптарына сәйкес саяси қуғын-сүргін көруші статусына ие болып, сот шешімімен ақталып, ардагерлерге тиесілі арнайы жеңілдіктерді пайдалану куәлігіне ие болады. Қазақстан Республикасы Президентінің қолы қойылған «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне – 25 жыл» мерекелік медалімен, Қазақстан «Қарулы күштерінің ардагерлері» РҚБ Орталық Кеңесі Президиумының шешімімен «Қазақстан патриоты» медалімен, «Желтоқсанның 25 жылдығы», «Желтоқсанның 30 жылдығы» медальдарымен марапатталған. Бақыт Серікбайұлы – қазір «Тәуелсіздік, 1986 Желтоқсан» қоғамдық ұйымының төрағасы. Ол өзінің туып-өскен жеріндегі жерлес желтоқсаншылардың жағдайы ойлантатынын айтады. Олардың да сол бір ызғарлы күні көрген азапты күндерінің өтеуі болса екен дейді.

Ауданда желтоқсаншылар ұйымы құрылып, өздерінің мүмкіндіктерін пайдалануға ұйытқы болсам дейді. Ол жөнінде аудан басшыларына ұсыныс хат та жолдапты. Қазір сол ұсыныс бойынша Қазалы ауданында жұмыс жүріп жатқанына қуанышты.

Желтоқсан оқиғасының 36 жылдығын атап өткелі жатқан барша желтоқсандықтарды құттықтай отырып, Бақыт Серікбайұлының бастамасын қолдаушы, қазалылық желтоқсаншылардың игі ісіне сәттілік тілейік, ағайын! 

 

Есекей Құдайберген, Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кенті
19.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 66
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 592
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 707
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 621
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 631

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8764
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8163
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11392
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9146
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10377