Болат Ақшолақов – Атырау облысының әкімі

Болат Ақшолақов –   Атырау облысының әкімі

Мемлекет басшысының Жарлығымен Болат Оралұлы Ақшолақов Атырау облысының әкімі лауазымына тағайындалды. Ол – Атырау облысы құрылғаннан бері өңір тізгінін ұстаған 11-ші әкім.

Болат Ақшолақов 1971 жылғы 9 сәуірде Атырау қаласында дүниеге келген. Ол Қазақ мемлекеттік басқару академиясын және мұнай-газ саласы бойынша білім беру орталығын тәмамдаған. Мамандығы – экономика және мұнай-газ саласындағы басқару бағыттары.

Еңбек жолын 1994 жылы банк саласында экономист болып бастаған. Кейін мұнай-газ және энергетика секторында түрлі жауапты қызметтер атқарды. Оның ішінде «Қазақойл», «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы, «Самұрық-Қазына» қоры сияқты ірі ұйымдарда басшылық лауазымдарда еңбек етті. ҚР Энергетика вице-министрі, кейін Энергетика министрі қызметтерін атқарып, елдің отын-энергетика кешенін дамытуға үлес қосты. Сондай-ақ Kazenergy қауымдастығын басқарды және энергетика саласындағы сарапшы ретінде танылды.

 

Құрметті Болат Оралұлы!

Сізді Атырау облысының әкімі қызметіне тағайындалуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Атырау облысы – Қазақстанның стратегиялық маңызы жоғары аймақтарының бірі. Өңір елдің мұнай-газ саласының негізгі орталығы  саналады және ірі өндірістік жобалар жүзеге асырылатын маңызды экономикалық аймақ болып табылады.

Сізге жаңа әрі жауапты қызметте зор денсаулық, мол күш-қуат, парасат пен табыс тілейміз. Халқының сенімін ақтап, Атырау өңірінің дамуына, ел экономикасының нығаюына және тұрғындардың игілігіне бағытталған еңбегіңіз жемісті болсын.    Қызметіңізге сәттілік, бастамаларыңызға береке, отбасыңызға амандық тілейміз!

Халықаралық "Qazaqstan dauiri" ЖШС,

"Ел Ана" әлеуметтік, қоғамдық-танымдық сайты

23.07.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 26528
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 25956
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 43349
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 39146
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 43754