БОРАЛДАЙДЫҢ САЙЫНА БАРМАҒАНДАР

БОРАЛДАЙДЫҢ  САЙЫНА  БАРМАҒАНДАР

Жақында – он алтысы!

Жай күн емес!

Кетер екен кеудемнен қай күні елес?

Әлі күнге жүрегім 

қан жылайды,

Әлі күнге алдағым айқын емес.

 

Жақында – он алтысы!

Аспанда бұлт!

Жүрегіңді жылатпа, жасқанба жұрт.

Қазақ болып ешқашан 

қайғырмайды,

Қазақ деген халықты басқарған ұлт.

 

Жақында – он жетісі!

Ойлан, Қазақ!

Тізгініңді тарта тұр тойдан, Қазақ.

Жүрегімді қайтейін,

жүрек түгіл

Кетпей тұр ғой мидағы ойдан да азап.

 

Жақында – он жетісі!

Арлы адамдар!

Арын ойлап алаңда зарлағандар.

Тәуелсіздік жайлы жыр

жазбаңдаршы,

Боралдайдың сайына бармағандар!

 

Жақында – он сегізі!

Ұмытпаңдар!

Бұл күндері атпайды күліп таңдар.

Алаң мұзы бәрібір

ерімейді,

Ақшаменен енді оны жылытпаңдар.

 

Жақында – он сегізі!

Әнді күтпе!

Жүрегіңе жаралы жанды жүкте.

Қазақ үшін осы үш күн

Қасірет пен

Қасиетті деп білем мәңгілікке.

 

Жақында – он алтысы!

Жай күн емес!

Кетер екен кеудемнен қай күні елес?

Әлі күнге жүрегім

қан жылайды,

Әлі күнге алдағым айқын емес.

 

Жақында – он жетісі!

Ойлан, Қазақ!

Тізгініңді тарта тұр тойдан, Қазақ!

Жүрегімді қайтейін,

жүрек түгіл

Кетпей тұр ғой мидағы ойдан да азап.

 

Жақында – он сегізі!

Ұмытпаңдар!

Бұл күндері атпайды күліп таңдар.

Алаң мұзы бәрібір

ерімейді,

Ақшаменен енді оны жылытпаңдар.

 

Аз емес қой, аз емес

Арлы адамдар!

Арын ойлап алаңда зарлағандар.

Тәуелсіздік жайлы жыр

жазбаңдаршы,

Боралдайдың сайына бармағандар!..

 

Тәуелсіздік жайлы жыр

жазбаңдаршы,

Боралдайдың сайына бармағандар!.. 

Аманкүл ПІШЕНБАЙҚЫЗЫ
19.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

«Ұлттық баспасөзге  деген сенім мен құрмет үзілмесін!» деген ел Президентінің пәрменін аяққа таптаған кім?
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері - 28.11.2025 532
Ымырт ерте үйірілетін өлке
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2025 534
Әлеуеті артып  келе жатқан аймақ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 27.11.2025 460

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 20854
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 20636
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 35768
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 34290
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 38168