ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Қазақстан үшін басты басымдық жастарды қолдау және елдегі адами капиталдың сапасын дамыту болып табылады. Мемлекет басшысы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «...Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі. Еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы келесі жылы 100 мың жасты жұмысқа орналастыруымыз керек. Жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсету жалғасады. Оларға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі. Бұл шаралар қоғамның барынша үйлесімді әрі әділетті болуына ықпал етеді...» – деген болатын. Президент тапсырмасы кезең-кезеңмен жүзеге асуда.
Жылда Астана қаласында жастарды жұмыспен қамту іс-шарасы өткізіліп келеді. Нәтижесі де жаман емес. Қаншама жас маман өзі қалаған мамандықтың иесі атанды. Тәжірибесін шыңдады. Білікті мамандардан ақыл-кеңес алып, жетісікке жеткендер де баршылық. Әріге бармай-ақ, былтыр 14 шілде күні жұмыс іздеп жүрген қала тұрғындары, ЖОО түлектері мен жергілікті жастар үшін Арбатта Мәмбетов көшесі бойында бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі сағат 16.00-ден 20.00-ге дейін болды. Іс-шараны Астана қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасы «AMANAT» партиясымен бірлесіп ұйымдастырды. Мұндағы негізгі мақсат – жұмыс беруші мен жұмыс іздеуші арасындағы тікелей байланыс арқылы жұмыссыз азаматтарды, білім беру ұйымдарының түлектері мен жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу. Жол ашу. Жұмыспен қамту. Былтыр бұл шараға қатысуға 40-тан астам жетекші компания мен ұйым өтініш білдіріпті. Бұл дегеніңіз үлкен нәтиже. Жұмыссыз жастарды қолдау мен қорғау деген – осы.
Президент Жолдауына қолдау ретінде 8 қараша күні 14:00-де «Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ, Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» ЖРО» КММ, Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ және «Esil University» бірлесіп университет ғимаратының аумағында, жұмыс іздеп жүрген тұлғалар, елордалық ЖОО түлектері және елорда жастары үшін қалалық бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізді. Бос жұмыс орындар жәрмеңкесінің негізгі мақсаты жұмыс беруші мен жұмыс іздеуші арасындағы тікелей байланыс арқылы жұмыссыз азаматтарды, білім беру ұйымдарының түлектері мен жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу болып табылады.
«Жәрмеңкеге 500-ге жуық адам қатысты, олар негізінен үшінші-төртінші курс студенттері, олар жақын білімі бар мамандарға айналады және жұмысқа орналасуды қажет етеді. Мұнда 50-ден астам ұйым – мемлекеттік мекемелер мен коммерциялық кәсіпорындар өздеріндегі бос орындарын ұсынды. Біз осындай іс-шараларды үнемі ұйымдастырып отырамыз. Бұл жәрмеңке биыл бесінші рет ұйымдастырылып отыр. Жыл соңына дейін ЕҰУ-да тағы бір жәрмеңке өткізуді жоспарлап отырмыз», – деді «Астана жастары» ЖРО NEET санатындағы жастармен жұмыс бөлімінің басшысы Әсел Болатқызы.
Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі барысында жұмыс берушілер өз компанияларының презентациясын өткізіп, бос вакансияларын ұсынып, өздеріне деген ең қолайлы кандидаттардың базасын қалыптастырады. Жұмыс іздеушілер өз кезегінде компаниялардың HR-менеджерлерімен тілдесіп, сұхбаттасудан өтіп, өзін қызықтырған сұрақтарын қоя алады.
Айта кетейік, жәрмеңкеге қаланың 50-ден астам жұмыс берушісі қатысып, бос жұмыс орындарын ұсынды. Жастар үшін бұл бос жұмыс орындары нарығын өздері қалаған салада зерттеуге және бірнеше жұмыс берушілермен бір жерде тікелей сөйлесуге тамаша мүмкіндік. Бос орындар жәрмеңкесі компаниялар үшін де, ізденушілер үшін де ақысыз негізде өткізіледі. Мұндай іс-шараларға қатысудың мансаптық жолын бастаған жас ұрпақ үшін маңызы зор, өйткені ол қызметтің ең қызықты салаларын және қызметкер ретінде өзінің «құнын» анықтауға көмектесері сөзсіз! Жәрмеңкеге қатысқан студенттер болашақта жұмысқа орналасуға көмектесетін мансап жәрмеңкелерінің тиімділігін атап өтті.
«Еліміздің болашағы жастардың қолында. Ал егер жастар білімді және прогрессивті болса, онда ел тек жеңіске жетеді. Менің ойымша, Еуразиялық университет – қаладағы жоғары білікті мамандар шығаратын ең үздік оқу орындарының бірі. Сондықтан мен бүгін жұмыс берушілерден бірнеше ұсыныстар алдым. Жақын арада еліміздің өркендеуіне өз үлесімді қосатыныма сенімдімін», – деп бөлісті жас астаналық Қанат Қайран.
«Мен «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығының төртінші курс студентімін және есепші болуды жоспарлап отырмын. Менің есепшінің көмекшісі болып жұмыс істеген тәжірибем бар. Жақында университет бітіру керек болғандықтан, болашақ туралы ойлауға негіз бар. Жәрмеңке – лайықты жұмыс табудың жақсы мүмкіндігі, мұнда таңдаудың болуы да маңызды», – деп, өз әсерімен бөлісті астаналық университет студенттерінің бірі.