БҚО-да газды есепке алу жүйесі цифрлық форматқа көшеді

БҚО-да газды есепке алу  жүйесі  цифрлық  форматқа  көшеді

Батыс Қазақстан облысында газды есепке алу жүйесін цифрландыру бағытындағы ауқымды жоба басталды. Биылғы 7 қыркүйектен бастап өңірде Aqyl Energy «Газды цифрлық есепке алу» жобасы кезең-кезеңімен іске асырыла бастады.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Батыс Қазақстан өндірістік филиалы директорының орынбасары Дастан Ибраимов айтып берді. 

 

– Жоба Қазақстан Республикасы Үкіметінің газ саласын цифрландыру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында жүзеге асырылуда. Осыған байланысты «QazaqGaz Aimaq» АҚ Батыс Қазақстан өндірістік филиалы газды есепке алу жүйесін жаңғыртып, интеллектуалды есепке алу аспаптарына біртіндеп көшуді қолға алды, – дейді Дастан Арыстанғалиұлы. 

Аталмыш филиал өкілдерінің айтуынша, Aqyl Energy жобасының басты ерекшелігі – әртүрлі өндірушілер шығарған газ есептегіштері мен электрондық корректорларды бір жүйеге біріктіруге мүмкіндік беретін бірыңғай бағдарламалық платформаның енгізілуі. Жаңа жүйе газ тұтыну туралы мәліметтерді нақты уақыт режимінде қашықтан жинауға, өңдеуге және талдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар платформада жасанды интеллект пен интеллектуалды аналитика құралдарын пайдалану қарастырылған. Бұл технологиялар газ тұтынуды есепке алу үдерісінің ашықтығы мен дәлдігін арттырып, деректерді бақылауды жеңілдетуге мүмкіндік береді.

 

Жобаның практикалық кезеңге өтуі – өңірдегі газ инфрақұрылымын заманауи цифрлық форматқа көшірудегі маңызды қадам. Оның нәтижесінде газды есепке алу сапасын арттырып қана қоймай, тұтынушыларға көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға мүмкіндік туады.

 

2026 жылғы 24 тамыздан бастап күшіне енген заңнамалық өзгерістерге сәйкес, газды есепке алу аспаптары деректерді қашықтан беру мүмкіндігін қамтамасыз етуге және қолданыстағы заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс. Бұл ретте қолданыстағы тұрмыстық тұтынушылар үшін смарт-есептегіштерді сатып алу, орнату және тиісті жүйеге қосу газбен жабдықтаушы ұйымның қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Ал газбен жабдықтау жүйесіне жаңадан қосылатын тұтынушылар заңнама талаптарына сәйкес газды есепке алуға арналған тиісті аспаптарды өз қаражаты есебінен сатып алуға міндетті. Яғни, қолданыстағы тұрмыстық тұтынушылар үшін Aqyl Energy жобасы аясында есепке алу аспаптарын жаңғыртуға байланысты шығындар тұтынушыларға жүктелмейді.

 

Aqyl Energy жобасы бір күнде жүзеге асатын шара емес. Ол кезең-кезеңімен іске асырылып, 2030 жылға дейін жалғасады. Жобаның негізгі мақсаты – Батыс Қазақстан облысының цифрлық инфрақұрылымын дамыту, газ тұтынуды есепке алудың дәлдігі мен ашықтығын қамтамасыз ету және тұрғындарға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру.

 

Цифрлық технологиялардың енгізілуі газ тұтынуды есепке алудың жаңа деңгейіне жол ашып, есеп жүргізудің ашықтығы мен сенімділігін арттыруға бағытталған. Бұл – өңірдің газ инфрақұрылымын жаңғыртуға және тұрғындарға көрсетілетін қызметтерді заманауи талаптарға сәйкестендіруге мүмкіндік беретін маңызды қадам.

Ләззат ҚАЖЫМОВА,

Батыс Қазақстан облысы

23.09.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 28042
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 27522
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 44900
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 40551
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 45208