Бронх демікпесі

Бронх демікпесі

 

Бронх демікпесі – созылмалы аллергиялық қабынған ауру. Ол бронхтың зақымдануымен сипатталады, оған тұншығу ұстамасы, ентігу және жөтелу сияқты белгілері тән. Аурудың негізгі себептері: бронхтардың қалыңдауы, ісінуі және түйілуі, сондай-ақ тыныс алу жолдары арқылы ауаның өтуіне кедергі болатын бронхтардың жабысқақ секрециясының мөлшерден көп шоғырлануы. Бронхтардың түйілуін тудыратын бірнеше фактор бар: аңдардың жүні, құстардың қауырсындары, темекінің иісі, өткір иістер (өткір парфюмерлік иісі бар гигиеналық заттар), кәсіби факторлар (аэрозольдар, химиялық заттар, лак және бояуларды пайдалану), үйдегі шаң, кейбір дәрілік құралдар, кейбір азық-түліктер мен тағамдық қоспалар, инфекциялық аурулар (жіті респираторлық вирустік инфекциялар), ауыр физикалық күш жұмсау, әсіресе суық ауа-райында, эмоцияға көп берілу т.б.

Бронх демікпесі созылмалы ауру, оны  үздіксіз емдеу қажет, жағдайыңыз жақсарған сияқты болып көрінсе де, емдеуді өздігінше тоқтатуға болмайды. Дертті дұрыс емдеген кезде бронхтарды кеңейтетін дәрілерді үздіксіз қолдану қажет болмайды. Ал бұл дертті дұрыс емдемесе, бронх демікпесінің ұстамалары пайда болады және сол кезде бронходилататорларды қолдануға мұқтаждық туындайды да, уақыт өткен сайын демікпе ұстамаларын өз күшімен қайтару қиындайды.

 

Емдеу ережелері

 Ауруды алғашқы белгілері байқалғаннан-ақ емдеу керек. Сонда ғана ем тиімді болады. Дәрігердің келісімінсіз емді тоқтатса немесе өздігінше басқа дәрілерді қолдана бастаса, ауру асқынып кетуі мүмкін. Емдеудің тиімділігі ингаляторларды дұрыс қолдануға байланысты, оларды қолдануды дәрігердің көзінше үйренген жөн. Егер басқа ауруларды емдеу үшін басқа дәрілерді пайдалану қажет болса, бұл туралы дәрігермен келісу керек. Өйткені кейбір дәрі-дәрмектер, мысалы, бета-блокаторлар, аспирин және басқа стероидты емес қабынуға қарсы дәрілер бронх демікпесінің барысын нашарлатуы мүмкін. Үй жағдайында бронх демікпесінің барысын бақылау үшін пикфлуометрді пайдалануға болады, оны қолдануды дәрігер үйретеді. Барлық жағдайда өзімен бірге дәрілерді алып жүруі тиіс, әсірісе ентігу ұстамаларын басатын дәрілік құралдарды жанында ұстаған жөн. Бронх демікпесімен ауыратын көптеген науқастарды ұзақ уақыт ингаляциялық гормоналдық дәрілік заттармен емдейді.

Өткір ентігу ұстамасы пайда болған кезде: аяқ астынан бірнеше секунд ішінде ентігу пайда болады, өкпеде алыстан естілетін сырыл және ысқыру туындайды, көкірек қуысы тартылып, құрғақ ұстамалық немесе жабысқақ шықпайтын қақырығы бар жөтел басталады.

Өткір ентігу ұстамасы пайда болған кезде мынандай әрекеттер жасау керек:

·  істеп жатқан ісіңізді қойып, отыру қажет;

·  мүмкіндігінше ұстаманы туындатқан фактордан алыстап, таза ауа кіргізу үшін терезені ашу;

·  ингаляциялық бронхтарды кеңейтетін қысқа әрекеті бар ингаляторды қолдану қажет.

Егер 10-15 минут ішінде жағдайыңыз жақсармаса, бронхтарды кеңейтетін бар ингаляторды тағы да 1 рет қолдану қажет.

Жағдайыңыз қалпына келмесе, «жедел жәрдем» шақыру керек.

 

Бронх демікпесінің алдын алу үшін не істеу керек?

Бронх демікпесін өршітуші факторлардан алшақ болу: көктем айларында өсімдіктердің гүлдену шағында контактты азайту;
Жануарларды үйде ұстамау. Шаң жинайтын кілемдер, ескі кітаптардан, жұмсақ ойыншықтардан сақтану керек. 2 аптада 1 рет 60 градус ыстық суға барлық төсек
-орынды жуу;
Үй тазалағанда бронхиалдық астмамен ауыратын адам басқа жерде немесе далада болғаны дұрыс;
Гипоаллергенді косметика қолдану
;
шылым шегуден бас тарту
;
Жоғары және төменгі тыныс алу жолдарының созылмалы ауруларын уақытылы емдеу
;
мәдени тамақтануды сақтау
;

Дене шынықтырып, спортпен шұғылдану.
Салауатты өмір салтын ұстанып жүрсек, кез келген аурудың алдын алуға болады.
Әйелдер жүкті кездерінде дұрыс тамақтануы, жүктілік кезінде және бала емізіп жүргенде дәрі-дәрмектерді қолдануды шектеу. Баланы кем дегенде 6 ай емізу. Жоғарғы аллергенді, яғни аллергия шақыратын тағамдарды аз пайдалану (ара балы, шоколад, тауық жұмыртқасы, жаңғақ, цитрус өнімдері және т.б). Бала өміріне жағдайлар жасау (таза ауада серуендеу, бөлмелерді жиі желдету, пассивті темекі шегуге жол бермеу).
Жоғарғы тыныс алу жолдарын үнемі тексертіп, өз уақытында емделу. Үй-жайды үнемі дымқыл тазалау, шаңды тазалап, жуып тұру. Үй кенелеріне аллергия болған кезде – оларды жою.

  Дендеріңіз сау болсын!!


Ғалия АРЫСТАНҚҰЛОВА,

Алматы қаласы №10 қалалық емхана

 

 

 

05.07.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 15117
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 15022
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 30158
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 28776
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 32344