Бюджетке түскен салық мөлшері 1,5 есеге өсті

Бюджетке түскен салық мөлшері 1,5 есеге өсті

Мемлекеттік кірістер комитеті: «Жыл басынан бері мемлекеттік бюджетке салық түсімдері бойынша жоспар 103,4 пайыз орындалды. Жоспар 11 316,8 млрд теңгеге белгіленіп, 382 млрд теңгеге асыра орындаумен 11698,8 млрд теңге түскен. Бұл өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 1,4 есе немесе 3 400,2 млрд теңгеге өскенін көрсетеді. Мұның ішінде республикалық бюджет 101,1 пайыз орындалды, өткен жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,5 есе немесе 2 518,5 млрд теңгеге өсті. Жергілікті бюджет 108,5 пайыз орындалды, былтырғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 30,8 пайыз немесе 881,7 млрд теңгеге өсті», – деп хабарлайды. 

Ведомствоның хабарламасында:  «Түсімдердің өсуіне мынадай факторлар әсер етті: 2022 жылы 10 айда өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда негізгі экспорттық позицияларға, оның ішінде мұнайға 46,9; мырышқа 21,9; алюминийге 13,9 және алтынға 0,6 пайыз бағаның өсуі байқалады. Шикі мұнайға салынатын кедендік әкету бажының мөлшерлемесі 43,1 пайызға өсті. Ағымдағы жылғы 10 айда үшінші елдермен тауар айналымы 43,6 пайызға өсті (экспорт 48,3%-ға, импорт 32,5%-ға өсті). Өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда жыл басынан бергі өткізу бойынша айналым 22  пайызға ұлғайды», – делінген.

Ермек Сахариев
05.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1564
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7598
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11477
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7641
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7802