«БЖЗҚ» ақылға қонымсыз әрекетке барып отыр ма?

«БЖЗҚ»  ақылға қонымсыз әрекетке барып отыр ма?

Зейнетақы жинағы туралы алыпқашпа әңгіме есіп тұр. Тіпті халық арасында үміттен күдік басым. Табанақы, маңдай термен жинаған ақшадан аз-маз ақша артылып жатса, «жыртығын» жамағысы келетін ағайын көп. Бірақ ол оңай болмайтын түрі бар. Халық айтса, қалып айтпайтыны шындыққа айналатын сияқты.

Өткен аптада, яғни, 3 желтоқсан күні  Қазақстанда 2022 жылы зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу үшін жеткіліктілік шегі күрт өсетіні белгілі болды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен БЖЗҚ-ның мәліметіне сенсек: Әдістемеге сәйкес ең төменгі жеткілікті шек мөлшері әрбір жасқа жеке есептеледі және болашақта зейнетақы төлемі мен зейнетақы жарнасының өсетіні              (индекстелуі) ескеріледі. Бұл ретте «Республикалық бюджет туралы» Заңға сәйкес, жыл сайын индекстелетін ең төменгі жалақы, ең төменгі зейнетақы, ең төменгі күнкөріс деңгейі сияқты әлеуметтік көрсеткіштер қолданылады. Осыған байланысты ең төменгі жеткілікті шек мөлшері аталған көрсеткіштердің жыл сайын өсуін ескере отырып есептелмек.

Алайда бұл айтқанға  көптеген қазақстандықтың көңілі толмай, наразылықтарын білдіруде. Тіпті  онлайн-петиция іске қосылды. Құжат авторлары 3 желтоқсанда жариялаған жеткіліктіліктің жаңа шегі көптеген қазақстандықтар үшін қолжетімді емес деп отыр. «Егер қазір 20 жастағы салымшы үшін жеткілікті шек 1,7 миллион теңге болса, келесі жылдан бастап 3,1 миллион теңгеге дейін өседі. Өсім 1,8 есе болды. Бұған дейін тұрғын үй сатып алу немесе емделу үшін жинақталған ақшаны алу мүмкіндігі болған. Біз, петицияға қол қойған Қазақстан азаматтары, БЖЗҚ-дан жеткіліктілік шегін ақылға қонымды сомаға дейін төмендетуді талап етеміз», – деп отыр.

«Фейсбук» парақшасында белгілі экономист, президенттің бұрынғы кеңесшісі Олжас Құдайбергенов келер жылдан бастап зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу үшін ең төменгі жеткіліктілік шегінің артуына қатысты өз пікірін былай білдірді: Ол кісінің ойынша, жеткіліктілік шегін көтеру формуласында көптеген логикалық қате бар. Есептеу кезінде БЖЗҚ мамандары ең төменгі жалақының (ЕТЖ) жыл сайынғы өзгеруін және жыл сайынғы өсу процентін ескерген. Бірақ мұндай шешім екі түрлі есептеуге алып келеді екен. Маман пікіріне құлақ түрелік.

«Ең төменгі жалақы ЕТЖ-дан немесе ең төменгі зейнетақыдан барынша көп мәнді таңдау үшін пайдаланылады. Мен қателесуім мүмкін. Бірақ іс жүзінде зейнеткерлер алатын сома әлі де ең төменгі зейнетақы негізінде есептеледі. Егер олай болса, онда формулада шекті шамадан тыс көтеретін ең төменгі жалақыны қолданудың қажеті қанша?».

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
09.12.2021

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 36
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 60
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 31
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 61
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 23
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 56
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 170
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 174
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 392
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 355
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 972

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9049
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8446
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11674
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9437
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10654