Бәрімізге белгілі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2026 жыл – Қазақстанда «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жарияланған болатын. Бұл бастама еліміздің экономикасын, өнеркәсібі мен мемлекеттік басқару жүйесін жаңа технологиялық модельге көшіруге бағытталған. Мемлекет басшысы цифрландыру елдің заманауи технологияларын одан әрі күшейтетін стратегиялық шешім болатынын және барлық салаларындағы әлеуетті дамытуға жағдай жасайтынын атады.
Цифрландырудың негізгі бағыттары мен мақсаттары:
Экономиканы трансформациялау: Жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, логистика және басқа да салаларға әкелу.
Цифрлық мемлекет құру: Азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді толықтай автоматтандыру және ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігін көбейту.
Инфрақұрылымды дамыту: Деректерді өңдеу орталықтары (ЦОД) мен жоғары өнімді есептеулерді жүзеге асыру үшін қуатты энергетикалық база жасау.
Маман даярлау: IT мамандарын, оның ішінде жасанды интеллект саласындағы зерттеушілер мен инженерлерді оқыту, жастардың цифрлық сауаттылығын жақсарту.
Жаңа министрлік: Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің жетекшілігімен Үкімет салалық министрліктердің жұмысын ұйымдастыруда.
Энергетикалық қамтамасыз ету: Цифрлық инфрақұрылым мен роботтандырылған өндірістердің электр энергиясын тұтыну көлемінің өсуін ескере отырып, ұзақ мерзімді энергетикалық баланс көзделуде.
Деректер қауіпсіздігі: Мемлекеттік деректерді қорғау деңгейін көтеру үшін жоғары сенімді (Tier-III) деңгейіндегі деректерді өңдеу орталықтары жұмыс істеуде. Осы жыл алгоритмдер негізінде алға жылжитын кез деп есептеледі. Мысалы, жүргізушісіз такси, робот курьер, даяшы, аспаз, шекарашы, транспорт, логистика, бизнес, үкіметтегі автоматтандырылған қызметтер қалыпты жағдайға айналмақ. Қысқасын айтқанда, барлық салада адам еңбегі азая бермек. Әрине, бұл бірден бола салатын нәрсе емес, сондықтан биыл жылы еліміз осы бағытқа аса көңіл бөлінбекші.
Дамыған технология бүгіндері әлем экономикасының жүрегі сынды цифрлық экономиканың драйверіне миллиардтаған доллар тартатын индустрияға айналады деп үміттеніп отырмыз. Жасанды интеллект саласына жұмсалған инвестиция көлемі 2025 жылы әлем бойынша шамамен 1,5 трлн АҚШ доллары болса, 2026 жылға қарай бұл сан 2 трлн-нан асуы мүмкін деп болжануда. Жаһандық ЖИ нарығы шамамен 2025 жылы 244 млрд доллар болса, осы жылы бұл көлем 312 млрд долларға дейін жоғарылайды деп есептелуде, яғни жылдық өсім 27-28 пайызға дейін өседі.
2026 жылы мынадай жаңалықтар болады деп күтілуде:
- Яғни Ақылды технологиялар дәуірін қалыптастыратын, инновациялардың қоғам мен бизнестің күллі саласына кіруін тездететін стратегиялық жыл болады деп болжам жасалып отыр.
- Жасанды интеллект саласы үшін трансформация дәуірі. Бұл технология енді теориялық идеядан нақты экономикалық көрсеткіштермен, өндірістік шешімдермен және қоғамдағы экономикалық өзгерістермен өлшенетін дәуір.
- Қабылданған бірқатар институционалдық бастамалар жаңа Цифрлық даму және жасанды интеллект министрлігі мен Жасанды интеллект туралы Заң, сонымен қатар суперкомпьютерлер секілді ұлттық инфрақұрылымдар осы міндеттерді іске асыруға күш салуда.
















