Дені сау бала- баға жетпес болашақ

Дені сау бала-  баға жетпес болашақ

Өмір — адамға табиғатпен берілген ең қымбат дүние. Адамның ұзақ, мәнді де сәнді өмір сүруінің негізі-оның денсаулығы. Денсаулық адамның ең қасиетті де құнды, қайталанбас, жоғалса орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазынасы. Балалардың денсаулығына анасының жатырында жатқан кезеңнен бастап көңіл бөлінуі керек. Сондықтан отбасында баланы дүниеге әкелмес бұрын жас отбасы денсаулықтарына мән беруі дұрыс.

Жүктілік кезінде анасының денсаулығына аса мән беру, уақытылы тамақтану, демалу, қажет болса  дер кезінде дәрігердің көмегіне жүгіну керек.  Бала шыр етіп дүние есігін ашқан соң, есейгенге дейін баланың денсаулығы, дұрыс дамып-жетілуіне  ата-анасының атқаратын ролі өте зор. Кез келген ата ана  балаларының сымбатты, көрікті, шымыр, денсаулығы мықты болғанын қалайды. Сондықтан уақытылы екпелер алу, баланың денсаулығын нығайту, шынықтыру, түрлі аурулардың алдын-алу, сақтану жұмыстарын салауатты өмір салтын қалыптсатыру баланың денсаулығына зор әсер ететіні белгілі. Тазалық туралы білімдерін кеңейту, мәдени-гигиеналық дағдыларын пысықтау және жетілдіру, өз денсаулығына құндылық ретінде қарауға, өзге адамдарды құрметтей білуге тәрбиелеу, салауатты өмір салтын ұстанып, күн тәртібінің сақталуы туралы білім беру, тазалыққа, ұқыптылыққа баулуата-ана мен балабақша, мектеп қабырғасында жалғасын тапса, біздің ұлтымыз дені сау ұрпақ тәрбиелеп, болашақта Отанын көркейтетін, саналы азаматтар саны көбее түсері анық.  

Дайындаған ШЖҚ №3 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасының 3-ші бөлім меңгерушісі Бокенова Жанар Самбетовна
27.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 838
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6913
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10752
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 6981
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7123