ДІН САЛАСЫНДАҒЫ САЯСАТ – CАЛТ-ДӘСТҮРМЕН САНАСАДЫ

ДІН САЛАСЫНДАҒЫ САЯСАТ – CАЛТ-ДӘСТҮРМЕН САНАСАДЫ

Астана қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен Діндерді зерттеу орталығы 13 тамыз күні білім беру мекемелеріндегі педагогтердің дін саласына қатысты біліктілігін арттыру бойынша семинар ұйымдастырылды. Айта кету керек, бұл семинар Астанада әкімдігі тарапынан жыл сайын ұйымдастырылып келеді. Нәтижесі де жаман емес. Педогогтар дін саласына қатысты көптеген қажетті материалдар алуда. Себебі мектептерде діни ұстанымға қатысты түсінбеушіліктер көбейіп тұрған заманда, мұндай семинарлардың берері көп.

Семинарға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Әділбек Сейфуллин, Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Қайролла Көшқали, ҚР Оқу-ағарту министрлігі Тәрбие жұмысы департаментінің басқарма басшысы Сәуле Апетова, Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, теолог-эксперт Жандәулет Сулейменов, «Kazdream» IT холдингінің сарапшысы, дінтанушы Александр Антипин, «SMQ» дарынды қыздар мектебі директорының орынбасары Адия Романова және Павлодар облысы Конфессияарылық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының директоры, психолог Гүлназ Раздықова қатысып, сөз сөйледі. Шара барысында мектеп қабырғасында зайырлылықтың негізгі принциптерін сақтау, мектеп формасының маңыздылығын ескеру, оқушыларды деструктивті діни ағымдардардан қорғау, деструктивті діни ағымдардың белгілерін тану және оңалту тиімді жұмыстарын ұйымдастыру тәсілдеріне, сондай-ақ психология тұрғысынан өзекті проблемалық мәселелердің себептеріне ерекше назар аударылды.

Иә, дін саласындағы саясат – өте нәзік саясат.  Дін ұстану әр қазақстандықтың жеке шаруасы.  Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабы 1-тармағында  өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп атап көрсетілген. Заманауи шынайылықтағы зайырлы мемлекет ұғымының мазмұны құқықтық, демократиялық құндылықтарға негізделген және сенім мәселесінде дінге мүмкіндік беретін мемлекет ретінде тұжырымдалады. Сондықтан дінаралық қарым-қатынас тәжірибесі әлем назарына ілігіп отырғаны белгілі. Ата заңымызда дін мен мемлекет бөлек дегенімізбен дінді қоғамнан, адамнан бөліп жару мүмкін емес.

Белгілі теолог Досай Кенжетайдың айтуынша «Зайырлылық – мемлекет пен діннің бір-бірінен бөлінуі, мемлекеттің әлеуметтік, саяси, және құқықтық негізгі жүйесінің аз да болса діни қағидаларға сүйенбеуін білдіреді. Мемлекет пен зайырлылық ұстанымы ешқандай дінге бөгет жасамайды, тек мемлекеттің дін саласына араласпауы және белгілі бір діни ұстанымға басымдық бермейтініне кепілдік беруі. Зайырлы мемлекетте дін және саясатқа қатысты ұғынылуы шарт танымдар мен тіркестер бар. Олар мыналар «діни саясат», «дін саясаты», «саяси дін». Бұлар мемлекет пен дін қатынастарынан туындайды. Мемлекет пен дін – ұлт болмысы қабатынан орын алған ерекше институт. Екеуі де өзара қоғамдағы орны мен рөлін мойындай отырып, құқықтық, демократиялық ұстанымды басшылыққа алады. Бұл жерде дін құбылысы да мемлекет сияқты (теократиялық емес), құқықтық, демократиялық ерікке бой ұсынып, халықтық билікке бағынады».

 Дін саласындағы саясат майдан қыл суырғандай өте ептілікті қажет етеді. Ұрпақты әсіре діншілдіктен қорғау, салт-дәстүр негізінде тәрбиелеу, мемлекет ұстанып отырған іргелі  cаясат. Осы орайда  14-15 тамыз күндері Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Діндерді зерттеу орталығы «Қызым, саған айтам...» атты ұлттық зияткерлік курс ұйымдастырды. Курстың мақсаты - жастар арасында ұлттық құндылықтар мен тарихи сананы жаңғыртып, қазақы болмыс пен салт-дәстүрлерді дәріптеу. Жоғары дәрежеде өткен аталмыш шараға 40 қыз бала қатысты.

Арнайы бағдарламаға сәйкес екі күн бойы «Қыз-келіншектердің ұлттық киімдері», «Қазақтың асыл аналары», «Мақал – сөздің мәйегі» атты теориялық дәрістер өткізілді. Сонымен қатар қатысушылар «Сырғалым» және «Шашбаулым» топтарына бөлініп, ашытқы дайындау, бауырсақ пен шелпек пісіру, қамыр илеу, табақ тарту сынды шеберлік сағаттарына, сондай-ақ елімізге танымал дизайнерлердің қолөнер сабақтарына қатысты.

Курс барысында өз саласының үздік мамандары «Білімді ана – бақытты бала», «Ұлттық тағамдардың денсаулыққа пайдасы» жалпы қазақ тарихындағы асыл аналар, қыз баланың мәртебесі мен тәрбиесі, қыз баланы өнерге баулу турасында мағыналы семинар өткізді. Баланы бесікке бөлеу, шілдехана, қырқынан шығару сынды салт-дәстүрлердің практикада көрсетіліп, қатысушылар ауылдың алты ауызынан халық әндерін шырқады.

Балаларының өнерін тамашалауға келген аналарына, яғни «Ақ жаулық» тобына да ұлттық құндылықтарға негізделген танымдық дәрістер мен «Алғашқы медициналық көмек», «Жасөспірім балалар мен ата-аналардың қарым-қатынасы» тақырыптарында семинар-тренингтер ұйымдастырылды.

Балалар мен аналары бірге кино көріп, орамал тастау, айгөлек, сақина салмақ сынды ұлттық ойындар ойнады. Дастархан жайылып, қатысушылар өздері дайындаған бауырсақ пен ұлттық тағамдар даярланып, көпшілікке ұсынылды.

Қатысушылар мен халық арасында жағымды пікірге ие болған, рухани құндылық пен өнегеге толы болған курс қорытындыланып, қатысушыларға сертификат және тақия, ұлттық нақышта тігілген дорба, ас үйге қажет алжапқыш, сыпыра, оқтау мен тақтай, табақтар - естелік-сыйлықтар табысталды.

 

НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК
15.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

Шетелдің өнімін пайдаланбай, өзіміздікін өндірейік
Әділжан АШИМОВ, Алматы облысы Ұйғыр ауданының кәсіпкері - 18.09.2024 62
Ауыл – мемлекетіміздің тірегі
Таутабек РЫСБЕКОВ, Қостанай облысы Арқалық қаласы - 18.09.2024 62
Президент Жолдауы:  Басты құндылық – әділетті қоғам құру
Жанболат САМАШЕВ, Абай облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары - 18.09.2024 56
Тарихы терең құмыралар
Д.ТОЙЛЫБАЙҚЫЗЫ - 18.09.2024 54
Шамның  жарығы  түбіне  түспейді
Молдаш Әбілхасен, Гүлнар МҰСАБЕКОВА, Жетісу облысы Панфилов ауданы Керімағаш ауылының кәсіпкерлері - 18.09.2024 76

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 4745
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 4193
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 6743
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 5151
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 6355