Көктем шығып, күн жылы шырай таныта салысымен тынбай еңбек ететін шаруалардың жұмысы бүгінде қызып тұр. Маңдай терін қара жерге төгіп, еңбек даласында ерлік көрсететін ауылдастар бұл жолы да бейнеттің бел ортасында. Округ әкімі Б.Кірпікбаев диқандар қауымының ортасында болып, шаруалардың еңбекқор жандардың бастамаларына береке тіледі.
Тамшылату әдісімен 12 гектар аумаққа қауын қарбыз егудің ерекше тәсілін қолға алып жатқан шаруалардың бұл ісінен үлкен үміт күтүлуде.
Сонымен қатар шаруаларға мемлекеттік бағдарламалар туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.