Досаевтың мәлімдемесі Президенттің көңілінен шықты ма?

Досаевтың мәлімдемесі  Президенттің көңілінен шықты ма?

8 қазан күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады. Бұл туралы ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысына Ұлттық банк төрағасы биылғы 9 ай ішіндегі ақша-несие саясатын жүзеге асырудың алдын ала қорытындылары туралы, әлемдік экономиканы қайта қалпына келтірудің қарқыны және оны пандемияға дейінгі деңгейге жеткізу, сондай-ақ дамыған елдердегі орталық банктердің ақша-несие саясатын күшейтуге көше бастағаны жөнінде есеп берді.

Ерболат Досаев Президентке қыркүйек айында жылдық инфляцияның 8,9 пайызға дейін қарқын алғаны жайында баяндады. Айлық инфляцияның артуына ақылы қызметтер, соның ішінде, ең алдымен білім беру және тұрғын үйлерді жалға алу салалары үлкен үлес қосқанын жеткізді.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ұлттық банктің Үкіметпен бірлесіп жүзеге асырып жатқан инфляцияға қарсы кешенді шаралары және инфляцияны болдырмау жөніндегі монетарлық саясаттың негізгі бағыттары туралы мәлімет берілді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына қатысты баға биылғы тамыз айындағы 10,4 пайыздан қыркүйекте 9,6 пайызға дейін төмендегені атап өтілді.

Ұлттық банк төрағасының мәліметі бойынша шикізат тауарлары бағасының қымбаттығына, тұтынушылар тарапынан туындаған шектеулерге байланысты әлемдегі тұтыну бағалары ең жоғары деңгейде сақталып отыр. Кездесу барысында жыл соңына дейін және 2022 жылға арналған энергия тасымалдаушылар бағасына қатысты болжамдар ұсынылды.

Президентке Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері мен Ұлттық қор активтерінің жай-күйі, сондай-ақ валюта нарығындағы ахуал жөнінде баяндалды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Ұлттық төлем жүйесін дамытудың және цифрлық биометриялық сәйкестендірудің ұлттық платформасын құрудың алдын ала нәтижелері туралы мәлімет берілді.

 

Ерқазы Сейтқали
14.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 37
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 66
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 32
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 67
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 24
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 176
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 180
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 397
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 360
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 977

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9055
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8451
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11679
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9442
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10659