ЕІРТКІ БИЗНЕСІНЕ ТОСҚАУЫЛ - ЖАЗАСЫ ОНЫҢ ЕҢ АУЫР

ЕІРТКІ БИЗНЕСІНЕ ТОСҚАУЫЛ - ЖАЗАСЫ ОНЫҢ ЕҢ АУЫР

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында «Өскелең ұрпақтың болашағына қауіп төндіретін тағы бір қатер – есірткі заттарының, соның ішінде синтетикалық есірткінің де таралуы екенін атап өтті. Құқық қорғау органдарына бұл қатердің азаматтар арасында, әсіресе жастардың ішінде таралуына барынша тосқауыл қоюды тапсырамын», деп мәлімдеді. Осы мәселеге қарай Ішкі істер министрлігі «Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің үш жылға арналған кешенді жоспарын» (2023-2025 жылдарға) әзірледі. Кешенді жоспарда есірткінің қоғамға аса қауіпті түрлері, әсіресе синтетиканың жолын кесу, нашақорлыққа тәуелділікті ерте анықтауды енгізу, есірткіні қолданатын адамдар санын қалыптастыру, уәкілетті органдардың құзыреті мен мәртебесін арттыру, онымен қоса материалдық-техникалық жағдайды жақсарту жан-жақты қарастырылды.

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі республикалық штаб отырысын өткізді. Ішкі істер, денсаулық сақтау, мәдениет және ақпарат министрлері мен бірінші оқу-ағарту вице-министрінің Мемлекет басшысының Қауіпсіздік кеңесі отырысында берген тапсырмаларын жүзеге асыру барысы, сондай-ақ  ҚР Үкіметі жанындағы Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімдері туралы баяндама жасады.

Сол жолы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов есірткінің интернет-саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстың жанданғаны туралы баяндады. «Киберқадағалау» жүйесінің көмегімен анықталған және бұғатталған сайттар саны 11 есеге өсті. Барлығы 26,5 мыңнан астам интернет-ресурс жабылды. 35 мыңнан астам карталық шот бұғатталды, 4 мыңнан астам адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов  El.kz ақпарат агенттігі берген сұхбатында былай дейді:

“Бұл кешенді жоспар Парламент мәжілісінде, ведомствоаралық жұмыс тобында, Ішкі істер министрлігінің Есірткіге қарсы штабында талқыға салынды. Осы отырыста бүкіл ой-түйіндер, негізгі зерттеулер, мамандардың пікірі жан-жақты сарапталып, соның негізінде жалпы есірткі ахуалына 3 негізгі фактор әсер ететіні айқындалды. Бұл ең бірінші Орталық Азия елдері, Қазақстан, Ресей, одан әрі Еуропа маршруты арқылы, яғни «Солтүстік бағыт» бойынша ауған героинінің трафигі; екіншісі оңтүстік өңірлердегі каннабистік шикізат базасы (Шу алқабы және Қызылорда облысы); үшіншісі және ең қауіпті фактор – синтетиканың таралуы болып отыр.

2022 жылы құқық қорғау және арнайы органдар 3 мыңға жуық есірткі қылмысын анықтаған болатын. Оның 60 пайызы есірткіні сатуға қатысты тіркелді. Төрт ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды, жетпіс шақты жасырын есірткі зертханасы жойылды. Тәркілгенген есірткінің көлемі 16 тонна болса, оның ішінде 5,7 тоннасы марихуана, 918 кг гашиш, 102 кг героин және 582 келісі синтетика. Ішкі істер органдарының қызметкерлері күні кеше ғана Алматы облысында 13 тонна прекурсордың заңсыз айналымының жолы кесті. Осы прекурсордан кемінде екі тонна 2 тонна мефедрон жасауға болады. Бұл дегеніңіз, шамамен 4 млн доза деген сөз. Былай қарасаңыз, есірткіге қарсы күрес қарқынды жүргізіліп жатыр. Тек биылғы жылдың қаңтар-ақпан айларында 518 есірткі қылмысы анықталса, оның 338-і өткізу фактісі, 59-ы контрабандаға қатысты тіркелген. Сондай-ақ есірткі тасымалымен айналысатын бір ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды, 11 жасырын есірткі зертханасы жойылды. Осы аралықта 986 келі есірткі тәркіленді. Оның 317 келісі марихуана, 126 келісі гашиш, 81 келісі апиын, 417 келісі героин және 142 келісі Мұның басты себебі, бүгінгі таңда есірткі бизнесінің кибер салаға көшкенінде болып отыр. Қазір есірткіні «телеграм-боттар» немесе басқа да интернет-ресурстар арқылы кеңінен сатылады. Мысалға биыл тіркелген әрбір жетінші есірткі қылмысы интернет арқылы сатумен байланысты болып шыққаны осы сөзімізге дәлел. Әрине, ішкі істер органдары мұндай инкогнито интернет-дүкендерді жауып жатыр. Биыл осындай 604 есірткі сайты жабылды. Әйтсе де, бұл мәселені түбегейлі шешпейді. Өйткені, жаңа сайттарды ашу одан да тез жүзеге асырылады. Ал оларды анықтау ұзақтау жүретін процесс. Ұйымдастырушыларын анықтау бұдан да күрделі. Көбі өздерінің қылмыстық әрекеттерін шетелде отырып-ақ жүзеге асыра береді. Осындай жағдайға байланысты Ішкі істер министрлігі әзірлеген кешенді жоспарда ең бірінші заңсыз «контенттерді» тоқтату үшін заманауи аппараттық-бағдарламалық жабдықтарды көбейту ұсынылып отыр. Атап айтқанда, арнайы қызметтерді «Аргус», «Айрис», «Тритон» сынды құралдармен қамтамасыз ету қолға алынуы тиіс. Бұл құралдар әлеуметтік желілер немесе сайттар арқылы есірткінің таралуын анықтауды автоматтандыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, «Кибернадзор» жүйесі де жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап ашылатын есірткі сайттарын онлайн түрде бұғаттай алады. Яғни, жасанды интеллект өзі анықтап, дереу тосқауыл қояды. Осы заманауи құрылғылардың көмегімен есірткі сайттарын ұйымдастыратын және оны пайдаланатын адамдарды анықтауға мүмкіндік береді.синтетикалық есірткі болатын”.

Бүгінде адамзат үшін өзекті болып отырған мәселелердің бірі – есірткі бизнесі мен нашақорлыққа тәуелділік. Бұл құбылыс адам баласының өмір сапасын төмендетіп, денсаулығына зиян келтіріп қана қоймай, қоғамның мәдени әрі экономикалық даму үдерісіне орасан түрде кері әсерін тигізіп отыр.

Есірткі бизнесінен түсетін кіріс мемлекеттің немесе аймақтың экономикалық дамуына айтарлықтай әсер ете қоймайды. Керісінше мұндай жолмен келген қаражат кез келген экономика үшін қауіп-қатер көзі екенін сарапшылар жиі айтады. Бейресми деректерге сенсек, әлемдік есірткі трафигі 800 миллиард долларға бағаланған. Мұндай ауқыммен ол әлемдік мұнай нарығының айналымынан кем түспейді. Зияны орасан болса да, оны пайда көзіне айналдырып, көлеңкелі бизнеспен айналысатын топтар әр елде баршылық. Өкінішке қарай, бұл қатардан Қазақстанды да кезіктіреміз.

Көршілес елдерден Қазақстанға, Қазақстан арқылы Ресейге жеткізіліп жатқан есірткі түрлерін құрықтауда құқық қорғау органдарының атқарып отырған рөлі орасан. Бұл ретте Жамбыл облысы ел көлемінде ерекше бақылаудағы аймақтардың бірі болып отыр. Өңірдегі табиғи-климаттық ахуалдың, одан бөлек Шу ауданындағы жабайы қарасора алқабының өзі облысты есірткі бизнесі үшін қолайлы территорияға айналдырады. Десе де, аталған өңірде жүргізіліп жатқан қарқынды жұмыстардың нәтижесінде есірткі бизнесіне жыл сайын қатаң тосқауыл қойылып келеді.

Нағашыбай Қабылбек

 

29.10.2025

Ұқсас жаңалықтар

АҚТӨБЕДЕ – АУЫЛДЫҢ ЖҮГІ, «AQTOBE»-ДЕ  – ДӘУІРДІҢ ҮНІ
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 22.10.2025 396
Қамбасы дәнге толған Ақмола
Д. ШӨКШІР, Ақмола облысы - 16.10.2025 592
Теріскейдегі жылы жүздесулер
Нұрсайын Шәріп - 16.10.2025 585

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 19284
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 19133
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 34277
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 32843
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 36646