Екі медициналық қызмет eGov.kz порталы мен eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді
Азаматтар eGov.kz Электрондық порталы мен eGov Mobile мобильді қосымшасында санаторийлік-курорттық емдеу қажеттілігі туралы қорытынды алуға және алдын ала міндетті медициналық тексеруден өту үшін анықтама алуға өтінім бере алады.
Қазақстандықтар «Санаторийлік-курорттық емдеу қажеттілігі туралы қорытынды беру» қызметінің арқасында санаторий-курорттық емделуге қорытынды алу үшін электрондық өтінім бере алады. Өтініш берген кезде жіберілген диагнозға сәйкес клиникалық-диагностикалық зерттеулер нәтижелерінің электрондық көшімесі болуы қажет.
Қызмет көрсету нәтижесі: электрондық құжаттың 069/у нысаны бойынша берілген санаторий-курорттық карта немесе электрондық құжат нысанында «Жеке кабинетке» жіберілген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Санаторий-курорттық емдеу мамандандырылған мекемелерде көрсетілетін және минералды сулар, емдік балшық, термалды бұлақтар және т.б. сияқты санаторий-курорттық аймақтың табиғи факторларына негізделген кешенді емдеу-профилактикалық көмекті қамтиды.
«Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексеруден өту» мемлекеттік қызметін мына топтар қолада алады:
дәріханалардың, фармацевтикалық ұйымдардың қызметкерлері;
қызмет көрсету саласының қызметкерлері (моншалар, сауналар, шаштараздар, сұлулық салондары, кір жуатын орындар, химиялық тазалаушылар), бассейндер мен гидропатиялар, балшық ванналар, спорттық-сауықтыру ұйымдарының жұмысшылары;
қан қызметі ұйымдарының медицина қызметкерлері, хирургиялық, гинекологиялық, акушерлік, гематологиялық, стоматологиялық профильдердің қызметкерлері және медицина қызметкерлері;
мектепке дейінгі ұйымдардың, мектеп-интернаттардың, балалар санаториялық-курорттық жыл бойғы сауықтыру ұйымдарының, балалар үйлерінің қызметкерлері, отбасы үлгісіндегі үйлердің қызметкерлері;
жолаушыларға қызмет көрсету ұйымдарының қызметкерлері (темір жол вокзалдары, аэровокзалдар, әуежайлар, теңіз және өзен станциялары, автовокзалдар, метрополитендер);
қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметкерлері;
жалпы білім беретін мектептерге, орта арнаулы және жоғары оқу орындарына оқуға түсуге үміткерлер студенттерге және т.б.
Қызмет көрсету нәтижесі: №075-у нысанында берілген медициналық анықтама (дәрігердің консультативтік қорытындысы) не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәледі жауап нысанында электрондық құжат «Жеке кабинетке» жолданады.
Өтінімді өңдеу туралы хабарлама eGov.kz порталының «Жеке кабинетінде» 30 минут ішінде пайда болады.
Қызметтерді eGov.kz порталында «Азаматтарға» - «Денсаулық сақтау» - «Медициналық көмек» бөлімінде қолжетімді. Аналогиялық қызметтерді eGov Mobile мобильді қосымшасында «Денсаулық сақтау» бөлімінде алуға болады.
Қызметтер «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік қызметтер көрсету комитеті, «Республикалық электрондық денсаулық сақтаау орталығы» ШЖҚ РМК және Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің бірлескен жұмысының арқасында жүзеге асырылды.