Екі жаңа министрлікті жасақтау жұмыстары аяқталды – Саясат Нұрбек

Екі жаңа министрлікті жасақтау жұмыстары аяқталды – Саясат Нұрбек

Елімізде Білім және ғылым министрлігі екіге бөлініп, Оқу-ағарту министрлігі және Ғылым және жоғары білім министрлігі құрылған болатын. Қазір екі министрлікті жасақтау жұмыстары аяқталды деп хабарлады turkystan.kz.

Жақында Ғылым және жоғары білім министрі болып тағайындалған Саясат Нұрбек бір мекемені екіге бөлу ісі оңайға соқпағанын жеткізді.

«Құрметті әріптестер, достар!

Екі жаңа министрлікті жасақтау жұмыстары аяқталып қалды. Әрине, бір мекемені екіге бөлу заңдық тұрғыдан да, адамгершілік жағынан да оңай шаруа емес. Мемлекеттік органды жаңадан құруды айтпағанда, кейде тіпті шағын бөлімшенің міндеттерін бөлудің өзі қиынға соғады. Ұзақ жылдар бойы бір кабинетте, бір үстел басында жұмыс істеп отырған мамандарымыз осы күндері екі жаққа қатар қызмет етуге мәжбүр.

Асхат Аймағамбетов басқарған бұрынғы Білім және ғылым министрлігінің ұжымы жоғары білім беру жүйесін реформалау, ғалымдарды даярлау, ғылымды дамыту бағытында үлкен жұмыс атқарды. Атап айтсақ, жоғары оқу орындары мен ғылыми институттар академиялық еркіндік алды, дербес басқару тетігіне ие болды. Бұл – заманауи университет құру, ғылыми инфраструктураны қалыптастыру және ғалымдар мен шәкірттерге жайлы жағдай жасаудың негізі екені белгілі», – деп жазды министр Facebook-тегі парақшасында.

Оның айтуынша, қазіргі міндет – Білім және ғылым министрлігі бастап кеткен реформаларды одан әрі жалғастыру, бұл салада тың өзгерістер енгізу. Бұл істерді еліміздегі ғылым мен жоғары білімді модернизациялаудың бастауында тұрған мамандар жалғастыратыны қуантады.

«Біз мемлекеттік маңызы бар ортақ жұмысты атқарып жатырмыз. Өйткені кәсіби деңгейі жоғары маман мен зерттеушінің негізі бала күнінен қалыптасады. Сондықтан, бірлесе әрекет етіп, тұлғаның қалыптасуы үшін әр кезеңде сапалы білім беруді қамтамасыз етуіміз керек. Өз шәкірттерінің жеткен жетістігіне мектеп мұғалімі де, жоғары оқу орнының оқытушысы да марқайып, мақтан тұтатыны заңды деп ойлаймын.

Алдағы уақытта Оқу-ағарту министрлігі мен Ғылым жəне жоғарғы бiлiм министрлігінің қалыптасуына атсалысып, бар күш-жігері мен қажыр-қайратын, алтын уақытын сарп еткендер осы күндері атқарылған жұмыстарды зор мақтанышпен еске алатынына сенімдімін.

Осы орайда, Мемлекет басшысына, Үкімет мүшелері мен Парламент депутаттарына бізге сенім артып, жаңа министрліктерді құруға қолдау білдіргені үшін алғысымды айтқым келеді. Сіздердің кеңестеріңіз, ұсыныстарыңыз бен көмектеріңіздің арқасында бұл жұмысты ойдағыдай атқаратынымыз айқын.

«Бірлесе көтерген жүк жеңіл» демекші, тізе қоса еңбек еткенде ғана Президенттің тапсырмасын абыроймен орындап, ұлтымыздың әл-ауқатын арттырамыз», – деді Саясат Нұрбек

Эльмира Ағабек, turkystan.kz
04.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 37
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 61
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 32
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 62
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 24
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 56
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 171
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 174
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 392
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 355
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 972

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9050
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8446
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11674
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9437
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10654