Экономикалық тәуелділік – саяси тәуелділіктің баспалдағы

Экономикалық  тәуелділік –  саяси тәуелділіктің баспалдағы

Біздің жер асты қойнауындағы пайдалы қазбалар кімдердің қолында? Мысалы, Ақтөбе облысында мыс-мырыш өндіретін  «Актюбинская медная компания», «Коппер Технолоджи», «КазГеоруд» секілді компаниялар Ресейдің «Русская медная компаниясының» қол астында. Бұл компаниялар қазіргі Қазақия елінің алты ірі кен орындарына иелік етеді.

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Көктау ауылында «50 лет Октября», «Приорск», «Весенная Аралча», Хромтау қаласынан 40-50 шақырымдай жерде «Лиманное», Мұғалжар ауданы Ембі қаласынан Алтынды ауылынан 20 шақырым жерде «Құндызды» кен орны бар. Бұл кен орындарында жүргізілген геологиялық зерттеулер бойынша мыс-мырыш пайдалы қазба қоры 150 миллион тоннадан астам. Алтын да бар. Мыстың әлемдік биржадағы бағасы бір тоннасы 9000 АҚШ долларының шамасында. Ал мырыштың бір тоннасы 4000 АҚШ долларына жуық. Осы кен орындарының 80 пайызы ресейлік кәсіпкер Игорь Алтушкиннің иелігінде көрінеді.

Әкімдердің сөздерін тыңдасақ, «кәсіпкерлер ел бюджетіне салық төлеуші ретінде көп пайда келтіреді» дейді. Сондықтан оларды жөн-жосықсыз тексеру қажет емес дегенге келтіреді. Сол салада жұмыс жасап жүргендердің айтуынша, ертең экологиялық проблемалармен бетпе-бет келетін жергілікті халық болмақ! Күкірт иісі т.б. табиғатқа зиянды заттарды күнделікті жұтып жүрміз. Жас болғандықтан, әзірге біліне қойған жоқ...бірақ келешекте зардабын тартатынымыз анық. Оның үстіне мыс-мырыш ашық әдіспен алынып жатқандықтан, рудалар таусылған кезде не болады?! Артынан үлкен воронкалар, шұңқырлар қалады. Оларды ешкім бітеп жаппайды. Мұғалжар тауының әсем табиғаты бүлініп, бұлақтар бітеліп, өзендер тартылып, қара сулар кеуіп, табиғатқа зор қиянат жасалуда, – дейді.

Экологтар келіп кетеді. «Бәрі дұрыс» дейді. Күкірт иісін сезбейтіндей сыңай танытады екен. 

PS. Қазақияның болашағы тек қана ұлтшыл қазақтарға ғана керек.

Жерге ие бола алатын, тумысынан өнеркәсіп саласында қызмет еткен аға буын өкілдерін көрдік, сөйлестік, дәмдес болдық! Солардың жолын қуған білімді, мінезді жастар келмей, қоныш-қойнымыздағы байлық талан-таражға түсе берері сөзсіз!

Жергілікті басшылар шетелдіктердің алдында дәрменсіз сияқты. Оның үстіне, балалары солардың есебінен шетелдерде оқып жатыр деген әңгімелер де айтылады. Жергілікті тұрғындар арасынан «шанышқыдан жырылғандарды» бастық қойып, солар арқылы билеп-төстеп отырғаны тағы бар.

Не істеу керек? Ақтөбе – Шұбарқұдық жаңадан салынған тас жолымен жүріп өттік. Төселгеніне 3 жыл болған жолға ұқсамайды. Аяқ-қолдары жоқ немесе әскери тұтқындар еріксіз салған жол сияқты. Тендер арқылы қыруар қаржы бөлінгені белгілі.  Жемқорлық деңгейі жоғары екенін осыдан көруге болады. Жолға кінәлілер жазаларын алса ғана тұсау салуға болатын шығар...

 

Аманкелді ЖҰМАШҰЛЫ
19.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 37
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 92
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 29
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 37
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 42
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 36
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 87
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 92
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 288
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 282
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 903

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8980
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8374
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11600
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9358
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10584