ЕЛ АНАСЫ (Сәуле Мешітбайқызына)

ЕЛ АНАСЫ  (Сәуле Мешітбайқызына)

Сәуле апам, алтын апам, жан апам,

Айды да алып берейінші, қаласаң!

Тауыса алмаспын, қандасыңа, маған да,

Сен жасаған жақсылықты санасам!

 

Сәуле апам, батыр апам, өр апам,

Қайда барсаң, саған дайын төр, апам!

Саған жырдан алтын сандық ұсындым,

Тойдан кейін ішін ашып көр, апам!

 

Сәуле апам, асқақ апам, жақсы апам,

Ердік саған серке болып бастасаң!

Ақын деген атыма сын емес пе,

Жырдан саған бір білезік тақпасам!

 

Сан сайыста жан берісіп, жан алдың,

Құдіретін көп таныттың қаламның!

«Сіңілісі!» деп өзіңді мақтанам,

Қасиетті менің Қызай анамның!

 

Елеңдейсің хас тұлпардай ел десең,

Бос жатпасын дейсің мынау кең мекен.

Бір тілегім қайтқан емес алдыңнан,

Бір сөзімді тастамадың жерге сен!

 

Жылдар сені биігінде самғатты,

Аралатты жасыл орман, бау-бақты.

Жетпісіңді кеше ғана атап ең,

Бүгін, міне, сексен деген таң да атты.

 

Бар өзіңде жылы жүрек, кең құшақ,

Жаратыпты Алла сені белгі сап.

Жігітте арман болмас деймін, Сәуле апа,

Сексенінде шауып жүрсе сен құсап.

 

Сені Көкке көтеретін келді шақ,

Көрген емес сен жайлаған кер жұтап.

Менде де арман болмас еді, жан апа,

Сексенімде шауып жүрсем сен құсап.

 

Ұқсап тұрсың жалынға да, шоққа да,

Басың сыйып көрген емес ноқтаға.

Жамбыл атаң келген жасқа жеткенше,

Ешбір жерге аялдама, тоқтама!

 

Алдыңды кім енді сенің кесе өтпек,

Әуре болма жасыңды да есептеп.

Жүзге дейін жеткізеді, қорықпа,

Сіздей жанды періште өзі жетектеп.

 

Сен барыңды бердің елге сарқып-ақ,

Бәрі сен жақ, болған емес қарсы жақ.

«Ел анасы» деген атты берді елің,

Осы атыңнан бола қоймас артық ат!

Ауыт МҰҚИБЕК

 

24.09.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 28026
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 27508
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 44885
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 40536
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 45196