ЕЛБАСЫ АСТАНАДА ЖҮР

ЕЛБАСЫ АСТАНАДА ЖҮР

Дүниедегі ең жаман нәрсе  екіжүзділік. Бұл адам баласы жаратылғалы дүниені кезіп келе жатқандықтан, ел билеуші азаматтар оларды сонадайдан танып,  жөргегінде тұншықтырып тастағаны дұрыс.  Әйтпесе олардан пайда емес, тек зиян ғана көрмек. 

 Күні кеше елбасыны пана тұтып,  "Елбасы біреу,  қалғанымыз оған тіреу болайық" деп жүрген көкелер,  желдің бағыты өзгере бастағанын сезіп басқаша сайрауға көшіпті.  "Елбасы. Тұңғыш президент" деген сөйлемдерді сөздік қорларынан алып тастағандар қарасы молайыпты.   Ой, қу дүние-ай десеңізші.

 Жалтақтық пен жағымпаздық жүрген жерде демократияға жол жоқ. Осыны естен шығармайық. (Президент  Тоқаев та жадында ұстайды деген үміттемін).  Кімнің тарысы піссе соның тауығы болып шақыру ешкімге абырой әпермес. Ел бәрін біліп,  күліп отыр.

 Әй көкелер, бұрынғы президенттен ат-тондарыңды алып қашқандарыңмен,   том-том өлеңдерің мен поэмаларың,  құлаш-құлаш мақалаларың, газет-журнал бетіндегі жылы лебіздерің мен құттықтауларың т. б толып жатқан іс-әрекеттерің  күні ертең алдарыңнан шығады "алақайлап". 

"Жақсының аты,  ғалымның хаты өлмейді" ғой ешқашан. 

Айтпақшы елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы ешқайда қашпапты,  Астанада жүрген көрінеді. Абайласаңыздаршы! 

Нағашыбай Қабылбек
13.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 3956
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 4141
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 19075
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 17747
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 21176