Құрметті Сәуле Мешітбайқызы!
Сізді 80 жасқа толған мерейлі мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын!
Саналы ғұмырыңыз елдің рухани-мәдени дамуына, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және жас ұрпақ тәрбиесіне арналды. Журналистика саласында табанды еңбек етіп, қоғамның өзекті мәселелерін көтеріп, елдік мәселелерге үн қосып келесіз. Қаламгерлік жолдағы еңбегіңіз бен азаматтық ұстанымыңыз зор құрметке лайық. Мерейлі жасыңызда зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін. Елдің құрметіне бөленіп, жақындарыңыздың ортасында абыройлы ғұмыр кешіңіз. Мерейтойыңыз құтты болсын!

Ізгі ниетпен, Ертай АЛТАЕВ,
Түркістан облысы әкімінің орынбасары














