Мемлекет басшысының мемлекеттік қызметке кірудегі артық кедергілерді жою және одан «шығу» тәртібін жеңілдету жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Агенттікпен мемлекеттік қызметке кіруге қатысты жаңа тетіктер енгізілді.
Жаңашылдықтың бірі – мемлекеттік грантпен оқу орындарын аяқтаған үздік түлектердің (GPA 3,33-ден жоғары) аудандық және ауылдық жерлердегі төменгі лауазымдарға конкурстық іріктеусіз тікелей тағайындалу мүмкіндігі.
Бүгінгі күні осы тәртіппен 41 түлек аудандық және ауылдық деңгейдегі лауазымдарға конкурссыз тағайындалды.
Тағайындалған жастар Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Н.Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті және т.б. өңірдегі университеттердің түлектері болып табылады.