Елімізде ақылы жолдарда жүру бағасы өседі. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің автомобиль жолдары комитетінің бұйрық жобасында жазылды.
"11 ақылы жолдың бағасына өзгерістер енгізіледі. Тарифтер айлық есептік көрсеткішке қарай өзгерсе, жол ақысы 20%-ке өсуі мүмкін", – делінген бұйрық-жобасында.