Елордада 2023 жылы үлескерлер мәселесі толық шешіледі

Елордада 2023 жылы үлескерлер мәселесі толық шешіледі

Нұр-Сұлтан қаласына Алтай Көлгінов әкім болып келгелі алдымен «сақалды» құрылыстардағы даулы мәселелерге нүкте қойылды. Қала әкімдігі «Жол картасын» жасап, үлескерлер үмітін үзген әрбір нысанға қатысты нақты жоспарды қолға алды. Нәтижесінде  2019 жылы 10 тұрғын үй кешені пайдалануға беріліп, үлескерлердің саны 2,5 мың адамға қысқарды. 2020 жылы құрылысы тоқтап қалған 20 нысан пайдалануға берілсе, 8 мыңға жуық үлескер қоныс тойын тойлады. Қазірге дейін қалада 16 мың үлескердің 13 мыңнан астам мәселесі шешілді. 2021 жылы 57 тұрғын үй құрылысы аяқталып, 500 қоныс тойын тойлады. 

2022-23 жылдары қалған көпқабатты үйлерді аяқтау жоспарлануда. ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында қала әкімі Алтай Көлгінов үлескерлер мәселесіне тоқталды. 

– Ел басшылығының тапсырмасы бойынша құрылысы ұзаққа созылған нысандардың құрылысын аяқтау бойынша ауқымды, жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2019 жылдың жазында 52 нысан-ұзақ құрылыс ретінде есептелген еді, бұл дегеніміз 150 көппәтерлі тұрғын үй кешені. 2019-2020 жылдары біз 33 көппәтерлі тұрғын үй кешенін салып, пайдалануға бердік. 5 мыңнан астам үлескер отбасы ұзақ жылдар бойы күткен пәтерлерін сатып алды. Биыл тағы 57 көппәтерлі тұрғын үй кешенін аяқтаймыз. 2022 жылы тағы 40 көппәтерлі тұрғын үйді, 2023 жылы 20 тұрғын үй салуды жоспарлап отырмыз. Осылайша 2023 жылы елордадағы үлескерлер мәселесін толық шешуді жоспарлап отырмыз, – деді Алтай Көлгінов.

Елорда әкімі елордадағы кейбір үйлердің құрылысы 15-16 жылға созылғанын айтты. Үлестік құрылыстың барлық нысандарында әр түрлі көрініс болды: бір жерде тек шұңқыр, бір жерде қаңқасы (каркас) көтерілген, енді бір жерде құрылысшы бір пәтерді 4-5 адамға сатқан. Дегенмен, әрбір ұзақ құрылыс бойынша қадамдық іс-шаралар жоспары бар. Әкімнің айтуынша, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында қала бойынша үй кезегінде тұрған 2,5 мыңдай отбасы мерекені өз үйінде қарсы алады. Бұл дегеніңіз өз ел, өз жерінде баспана зарын тартқан талай қазақтың көз жасын тыйып, шат шадыманға бөлейтін зор қуаныш. Сонымен қатар елордада тұрғын үй кешенін жөндеу, апатты және ескі үйлерді бұзу жұмыстары да жүргізілуде. 

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ
09.12.2021

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 36
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 58
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 31
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 59
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 23
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 56
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 168
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 172
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 389
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 353
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 970

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9048
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8444
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11672
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9435
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10652