Елордадан Қостанайға гуманитарлық көмек жөнелтілді

Елордадан Қостанайға  гуманитарлық көмек жөнелтілді

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге Астанадан тағы екі жүк көлікпен 20 тонна гуманитарлық көмек жөнелтілді.

Бұған дейін Астанадан су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 600 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберілген болатын. Бүгін «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы Экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп, екі жүк көлік, 20 тонна гуманитарлық көмек жинады. Онда Қостанай облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге азық-түлік, киім-кешек және бірінші кезектегі қажет заттар бар.

«Эвакуациялық пункттердегі адамдарға күріш, ұн, қант, қарақұмық, шай, сондай-ақ күнбағыс майы сияқты азық-түлік қажет. Адамдар көп жиналатын жерлерде қоқыс жинауға көмектесетін қоқыс пакеттері қажет», – деді қалалық еріктілер штабы төрағасының орынбасары Эльвира Есмұханова.

Штаб еріктілері көмекке жылы киім, ауызсу, балалар тағамы, тұрмыстық тауарлар, балалар киімдері, көрпелер, төсек жапқыштар мен жастықтарды қабылдайды.

Сонымен қатар 500-ден астам ерікті қажетті заттарды сұрыптауға және жіберуге көмектеседі. Гуманитарлық көмек су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге жіберіледі.

Естеріңізге сала кетейік, елордада гуманитарлық көмекті қабылдайтын 9 пункт жұмыс істейді, жиынға 30-ға жуық еріктілер ұйымы қатысады. Күн сайын 200-ден астам ерікті қажетті заттарды сұрыптайды және жібереді.

Ниет білдірушілер жылы киім, азық-түлік, дәрі-дәрмек, қажетті заттарды әкеледі. Еріктілер қаржылық көмекті қабылдамайды. Ниет білдірушілер жинау орындарына қажетті өнімдерді жинап, әкеле алады.

НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК
11.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА КҮЗГІ КӨШЕТ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 132
ТҮРКІСТАН: Р.СЕЙТМЕТОВ АТЫНДАҒЫ ТЕАТРДА БИЫЛ 130-ҒА ЖУЫҚ ҚОЙЫЛЫМ ҚОЙЫЛҒАН
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 03.12.2024 16
МӘСКЕУДЕН ТҮРКІСТАНҒА НҰРТАС ОҢДАСЫНОВТЫҢ ШАПАНЫ МЕН КІТАПТАРЫ ӘКЕЛІНДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 68
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУДЕН НЕГІЗСІЗ БАС ТАРТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 03.12.2024 62
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯНЫҢ ТҮРКИЯҒА ІССАПАРЫ БАРЫСЫНДА 9 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 47
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 464
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 432
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 456
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 448
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 446
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 463
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 453
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 646

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9688
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9067
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12301
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 10072
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11281