Елорданың Тәуелсіздік жылдардағы дамуында азаматтық сектордың ерекше рөлі бар

Елорданың Тәуелсіздік жылдардағы дамуында азаматтық сектордың ерекше рөлі бар

 

Нұр-Сұлтан қаласында Х республикалық Азаматтық форум аясында «Тәуелсіздіктің 30 жылы: мемлекет пен азаматтық сектор арасындағы тиімді серіктестіктің жемісі» тақырыбында үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі Консультативтік кеңестің кеңейтілген отырысы болды.

Кеңейтілген отырысқа Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, консультативтік кеңес мүшелері, елорда әкімдігінің, уәкілетті органдардың өкілдері, ҮЕҰ басшылары, сондай-ақ азаматтық белсенділер мен қоғамдық пікір көшбасшылары қатысты.

2003 жылдан бастап екі жылда бір рет ұйымдастырылатын Азаматтық форум Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен елдің орнықты дамуы және халық бірлігін нығайту жолында мемлекет пен қоғам арасында ашық диалог орнатудың маңыздылығы ескеріліп, негізі қаланған болатын.  Алғашқы күннен бастап, әлеуметтік-экономикалық дағдарыстарға қарамастан азаматтық қоғам институттары ашылып, қазір өсіп, дамып келеді.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев та Азаматтық форум жөнінде «Бүгінде азаматтық қоғамның рөлі артып келеді. Бұл – қалыпты әрі жағымды құбылыс. Сондықтан азаматтық қоғамның дамыған институттары – бұл одан әрі саяси жаңғыртудың магистральдық жолы» деп форумның маңыздылығына ерекше тоқталған еді. Осы орайда Х республикалық Азаматтық форум аясында өткен консультативтік кеңесте Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде астананың азаматтық секторы атқарған жұмыс қорытындысы талқыланды.

Консультативтік кеңес шымылдығын ашқан елорда әкімі Алтай Көлгінов ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында ұйымдастырылған форум азаматтық қоғамды дамы­ту­дың өзекті мәселелерін ескере оты­рып, тарихты, бүгін мен бола­шақты сараптап, талдау мүмкіндігін туғызып отырғанын атап өтті.

Бүгінде елордада 4,5 мыңға жуық үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді, олардың әрқайсысы маңызды және өзекті әлеуметтік міндеттерді шешуге қатысады,- деді Алтай Көлгінов. Әкім қазір елорда халқының әр түрлі әлеуметтік жағдайына қарай көптеген орталықтар ашылып, белсенді жұмыс атқарып келе жатқанына тоқталды. Әкімнің айтуынша, қала тұрғындарымен нақты жұмыс жүргізу үшін «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы құрылды, онда 12 мемлекеттік органның 70-тен астам қызмет түрі көрсетіледі. Ашылған сәттен бастап «Жанұя» орталығына 100 мыңнан астам адам жүгінген. Сонымен қатар белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашылды, онда аға буын өз тәжірибесімен бөлісіп, қоғамдық өмірге белсене араласып келеді.

– Сондай-ақ барлық санаттарды қамту үшін қалада 15 орталық ашылды. Ерекше балаларға арналған 10 оңалту орталығы жұмыс істейді. Күн сайын 1 мыңнан астам бала оңалтудан өтеді. «Open akimat» жұмысы ұйымдастырылды, онда биыл 47 мыңнан астам азамат қабылданды. Бүгінде барлық қызмет біздің тұрғындар үшін ашық, кедергісіз, бір терезе қағидаты бойынша қолжетімді. Сонымен қатар, біз әкімдіктің мемлекеттік қызметтерін онлайн форматқа көшірдік,- деді әкім.

Қала басшысының айтуынша, екі жыл ішінде 70 000-нан астам азық-түлік себеті таратылды. Бұл көбінесе еріктілер мен ҮЕҰ арқасында жүзеге асты. – Қысқы уақытта еріктілер күн сайын көмекке мұқтаж тұрғындарға ауласының қарын күреуге, дәрі-дәрмек сатып алуға және басқа да күнделікті жұмыстарға көмектеседі – бұл азаматтық қоғамның белсенділігінің көрсеткіші,- деді А.Көлгінов.

Кеңес барысында астанада 90-шы жылдардың басында азаматтық қоғам институтының қалыптасуы қалай өткенін, қоғам өкілдері қандай қиындықтарға тап болғанын және бүгінгі таңда еліміздің бас қаласын дамытудың бірінші кезектегі міндеттерін шешуде үкіметтік емес сектордың рөлі қаншалықты маңызды екені жөнінде пікір алмасты. – Үкіметтік емес сектор өз тарихында қоғам үшін маңызы зор, үлкен жұмыстар атқарды. Бірақ оны бастау әрине оңай болған жоқ. 2003 жылы Қазақстанның Тұңғыш Азаматтық форумы өтті, оған Тұңғыш Президент – Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. 500 делегаттың алдында сөйлеген сөзінде Елбасы бізге қосқан үлесі мен атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, үкіметтік емес сектордың одан әрі дамуы бізге және біздің жұмысымызға байланысты болғандықтан, одан да зор күш-жігермен жұмыс істеуге шақырды, – деп еске салды Қоғамдық кеңестің хатшысы, Нұр-Сұлтан қаласының белсенді ұзақ өмір сүру орталығының директоры Мұхтар Еркетаев. Мұхтар Еркетаев 2003 жылдан бастап азаматтық қоғамның белсенді дамуы және үкіметтік емес сектордың мемлекетпен тығыз ынтымақтастығы басталғанын еске алды.

X Азаматтық форум мен Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында ҮЕҰ-мен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі Консультативтік кеңестің отырысыннан кейін елорда әкімі Алтай Көлгінов қаланы тұрғындар үшін қолайлы әрі жайлы ету мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарды кеңінен түсіндіріп берді.

Жыл сайын қала өміріне қажет, маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуге белсене араласатын тұрғындар саны артып келеді. Бұл қуантарлық жайт. Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен үздіксіз жұмыс жүргізіп, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, экология және т.б. салаларда бірлесе жұмыс істеп келеміз,- деп қала әкімі қалада қарқынды дамып келе жатқан әлеуметтік орталықтар, «Халықтың бюджетке қатысу» жобасы, атаулы көмек көрсету жобасы секілді үш жобаға арнайы тоқталды.

Кеңесте айтқанымдай ынтымақтастықтың арқасында қалада бірқатар әлеуметтік орталық жұмыс істеп келеді. Тұрғындармен тығыз жұмыс жүргізу үшін «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы құрылды, егде жастағы тұрғындардың өтініші бойынша белсенді ұзақ өмір сүру орталығы (Ардагерлер үйі) ашылды. Онда зейнеткерлер бос уақыттарын бірге өткізіп, спортпен шұғылдана алады. Сондай-ақ ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған бірқатар оңалту орталығы - «Ерекше балалар», «Асыл Мирас», «Ерекше аналар», «Орда», «Балам-ай» және біліктілікті арттыру және жұмысқа орналастыру орталықтары да бар. Олардың қатарына «Кәсіпкер ана», «Бақытты Шаңырақ», «Strong Mothers», «Bilim All», «Астана Алтын Шаңырақ Ұясы» және т. б. жатады. Ал «Халықтың бюджетке қатысу» жобасы қоғаммен диалогтың бір үлгісі болып саналады, өйткені қала тұрғындары өз ауласына қандай өзгеріс керек екенін өздері шешеді. Бұл жобаға барлық аудан қатысады. Тек осы жылдың өзінде аталған жоба бойынша 50-ден астам аула абаттандырылды (2021 жылы барлығы – 200 аула және қоғамдық кеңістік абаттандырылды). Атаулы көмек көрсету жобасы аясында атқарылып жатқан жұмысқа волонтерлер, ҮЕҰ, қайырымдылық ұйымдары сүбелі үлес қосып келеді. Сол сияқты жасы үлкен кісілердің үй шаруасына, өзге де әлеуметтік маңызды қиындықтарын шешуге көмектесеміз,- деп атап өтті әкім

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ
25.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 37
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 61
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 32
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 62
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 24
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 56
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 171
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 174
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 392
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 355
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 972

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9050
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8446
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11674
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9437
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10654