Елзат Ескендір: Қаңтар көтерілісіне діни сипат беруге болмайды

Елзат Ескендір:   Қаңтар көтерілісіне діни сипат беруге болмайды

Билік Қаңтар көтерілісіне негізінен діни сипат бергісі келетін сияқты. Бұл – мүлде дұрыс емес. Қаңтар көтерілісі – ең алдымен халықтың саяси-әлеуметтік жанайқайы, соның негізіндегі саяси протесті. Ендеше, бұл оқиғаға ең алдымен – халықтың саяси-әлеуметтік саяси протестті деп баға берілуі керек. Ал діни сипатта баға беру – көтерілістің нақты бет-бейнесін тұмшалап жабу, тіпті, оның негізгі өзегін екінші-үшінші планға ысырып, көлеңкелеу. Бұл дегеніңіз – сол кезде Қазақстанның түрлі қалаларындағы алаңдарға бейбіт түрде өзінің саяси-әлеуметтік талап-тілегін білдіріп шыққан халықты одан кейін де елемеу, ескермеу, мазақ етіп, қорлап, таптаумен тең. 

Иә, ақпарат құралдары жазып жатқандай митингіде діни сипаттар болуы мүмкін. Оның арғы жағында сақалдыларды пайдаланып, билікті тартып алу, «қастандық теориясы» да жатуы ықтимал. Ең бастысы – ол түбегейлі дәлелденуі керек. Алайда, Қазақстанның түкпір-түкпірінен алаңға шыққан халық бәрі бірдей сақалдылардың немесе Мәсімов  адамдарының айтағына еріп дүрк көтерілген жоқ қой. Оларды ең басты қинағаны қымбатшылық, саяси-әлеуметтік мәселелер. Олар соның негізінде алаңға шықты. Егер халықтың әлеуметтік жағдайы бүгінгіден жақсырақ немесе орта деңгейде болған кезде – бұл халықты ешкім алаңға сүйреп болса да шығара алмас еді. Себебі біздің халық, біріншіден, кеңестік санадан түгел арылған жоқ, азаматтық қоғам деген түсінік үлкендер емес, жастардың санасына сіңіп болған жоқ, екіншіден, әлеуметтік тұрғыдан өткен 30 жылда аяғынан тік тұрып кеткен жоқ. Ондай халық тек бір ғана жағдайда көтеріледі – енді одан ары қиындыққа төзуге мүмкін емес, жаны мұрнының ұшынан тірелген жағдайда. 

Бір айтарлығы, халықтың әлеуметтік жағдайы дұрыс болып, кемі орташа болып, қақы мен құқы осыншалықты тапталып, дүниеде әділет атаулы болады екен деген ұғымнан мұншалықты күдер үзіп кетпегенде – олар Мәсімов, Сатыбалдылар ұйымдастырды дейтін діни сақалдыларға ілесіп алаңға шықпақ түгілі – Мұхаммед пайғамбар тіріліп келіп, тәкбір айтып, қол бастаса да, қазақ алаңға аттап баспас еді.

 

 

«Facebook» парақшасынан
01.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 42
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 130
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 36
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 42
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 51
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 42
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 126
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 130
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 321
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 314
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 938

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9011
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8406
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11632
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9390
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10616