Еңбек нарығы білікті мамандармен толығады

Еңбек нарығы білікті мамандармен толығады

Ресми дерек көздеріне сәйкес елімізде жұмысқа жарамды азаматтар саны 9,2 млн адамды құрайды. Оның ішінде жалдамалы жұмыста 6,7 млн адам еңбек етеді. Өзін өзі жұмыспен қамтығандар саны – 2 млн адам. Ал жұмыссыздар саны – 449 мың адам. Сондай-ақ соңғы жылдары елімізде заман талабына сай мамандар санының жетіспеушілігі байқалады. Осы орайда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігі сұранысқа сай мамандар даярлауға мән беріп отыр. «Өткен жылы біздің министрлік жаңа кәсіптер атласын әзірлеп, барлық мамандықтар бойынша талдау жасады. Цифрландыруға көшу бір жағынан кейбір маман иелеріне сұранысты азайтса, екінші жағынан замауани мамандықтар пайда болып, жаңа жұмыс орындары ашылып жатыр. Мамандықтар бойынша талдау нәтижесі көрсеткендей, жақын арада 239 жаңа мамандық пайда болып, 95 мамандық қайта өзгереді және 129 мамандық жойылады екен», – дейді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов. Министрдің айтуынша, қазір «Еңбек» платформасында мамандарды қайта даярлау, онлайн оқыту жүріп жатыр. Сондай-ақ оларды бейімдеу офлайн форматта да жүзеге асырылуда. Мақсат – заман талабына сай отандық мамандарды қайта оқытып, еңбек нарығын өзіміздің білікті, тәжирбелі отандық мамандармен толықтыру.

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ
01.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 3956
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 4141
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 19075
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 17747
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 21176