Еңбекші ауданы Полиция басқармасында саптық байқау өтті

Еңбекші ауданы Полиция басқармасында  саптық байқау өтті
Шымкент ҚПД Еңбекші ауданы Полиция басқармасы ғимаратының алаңында жеке құрамның саптық байқауы өтті.
Негізгі мақсат – қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігінің алдын алу бойынша тапсырмаларды орындауда жеке құрамның даярлығын тексеру. Сондай-ақ, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз ету және заңбұзушылықтың жолын кесу.
Байқауға басқарма басшысы мен құрылым сақшылары қатысты. Еңбекші ауданы Полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Алмас Әмзеев жеке құрамға қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету қызметін лайықты, сапалы атқаруды тапсырды. Шара кезінде басқарма басшысы тәртіп сақшыларының нысанды киімдерін, қызметтік куәлік, бейнежетон мен планшеттердің жарамдылығын, сондай-ақ қызметтік автокөліктердің техникалық жағдайын тексерді.
Саптық байқау соңында қызметтік міндеттерін атқаруға кіріскен жеке құрамның салтанатты шеруімен жалғасты.
Шымкент Қаласының Полиция Департаменті
26.09.2023

Ұқсас жаңалықтар

АҚТӨБЕДЕ – АУЫЛДЫҢ ЖҮГІ, «AQTOBE»-ДЕ  – ДӘУІРДІҢ ҮНІ
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 22.10.2025 285
Қамбасы дәнге толған Ақмола
Д. ШӨКШІР, Ақмола облысы - 16.10.2025 490
Теріскейдегі жылы жүздесулер
Нұрсайын Шәріп - 16.10.2025 482

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 19161
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 19022
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 34174
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 32738
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 36545