Энергияны үнемдеу – заман талабы

Энергияны үнемдеу – заман талабы

Қазақстан экономикасының даму үрдісі аясында энергия тиімділігін арттыру, үнемдеу сияқты мәселелер  жиі қарастырылуда. Энергетика бүгіндері  қоғамның барлық салаларында бар. Энергия адам өмірінің бір бөлшегіне айналды. Мына дамыған заманда электр энергиясынсыз өмір сүру мүмкін емес. Адам баласы алғаш энергияны тапқан кезден бастап энергия жетіспеушілігі пайда болды. Олардың тамаққа, киімге, тұрғын үйге, көлік және коммуналдық қызметтерге, ойын-сауыққа, т.б. қажеттілігі өскен сайын электрді тұтынуға деген талабы ұлғая береді.  Электр энергетикасы адам қызметінің барлық салаларында бар: өнеркәсіп пен ауылшаруашылығы, білім мен мәдениет, ғылым мен ғарыш, т.б. Сондықтан да энергияны үнемдеу қазіргі заман талабы болып отыр.  

Энергияны үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыру саясаты өнім өндіргендегі энергия ресурстарын тұтыну саласындағы нормативтерді қарастырады. Осыған орай қуаттылық коэффициентіне, жобалау құжаттамасына қойылатын талаптар да басқаша болмақ. Осы саясатқа байланысты энергия тиімділігі саласындағы талаптар  электр қозғалтқышына, көлікке, және архитектуралық шешімдерге әртүрлі типтегі ғимараттар мен құрылыстарға қолданылмақ. Ол нормаларды өндірістегі ірі кәсіпорындарда енгізу үшін энергия тиімділігін бағалауға энергетикалық аудит жүргізу бойынша талаптар да өзгеше болуы қажет. Алайда мұндай жаңашылдық үшін бізге қосымша білімдері бар мамандар керек. Осыған орай энергия аудиторлары мен энергия менеджерлерін даярлайтын оқу орталықтарын ұйымдастыру – бүгінгі күннің талабы.

Сондықтан осындай жағдайға байланысты 2010 жылдары мәселе қарастырыла бастады. Елбасы өзінің Жолдауында экономиканың тұрақты және теңгерімді өсуі бойынша жаңа міндеттер қабылдады. Ал 2020 жылға қарай энергия үнемдеу саласында ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығын кемінде 25 пайызға төмендету шаруалары қарастырылды. Сөйтіп елімізде «Энергия үнемдеу – 2020» бағдарламасы қабылданды. 

Энергияны үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыру – мемлекеттің басты стратегиялық міндеттерінің бірі. Сол міндеттерді орындау үшін барлық салалар мен аймақтарда энергия тиімділігін арттыру тапсырмалары жүктелді. Осы қабылданған саяси міндет шетелдік инвестиция ағынын күшейту, өндіріс саласының сапасын арттыру, экономиканың түрлі тармағын жаңғыртып, халықты энергия көздерін ұқыпты әрі үнемді қолдануға шақыру шараларын қамтиды.

Халықтың жалпы ішкі өсімі жоғарылаған сайын  энергия ресурстарын тұтыну артып келе жатыр.   Өндірістің, тұтынушылық қабілеттің өсуі экономикалық өсуге апарады. Елімізде күннен-күнге  электр энергиясы, жылу энергиясы, көгілдір отын, жанар-жағармай, қатты отын сияқты тұтыну ресурстарды пайдалану артуда. Осы арқылы біз ел дамып және әл-ауқатының пропорционалдық өсімінің көрсеткіші жақсарып келе жатқандығын байқауға  болады.

Автоматты түрде жаңғырту жұмыстарын жандандыру үшін энергияны үнемдеу мен тиімділігін арттыру қажет. Ол  экологиялық жағдайды жақсартып қана қоймайды, әр халықтың әл-ауқатын да түзейді.

Оның жолдары мынадай: 

- инновациялық жаңалықтарды, жаңа технологияларды енгізу арқылы өндіріс жаңарады. 

- инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды қайта құру және жаңғырту жұмыстары құрылыс, әсіресе баспана құрылысында жүргізіледі. 

- жаңа темір тұлпарлардың нарықты жаулауынан көлік саласында ескі автокөліктер шектеліп, отандық автопарк жаңарады.

 

16.07.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 26615
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 26049
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 43439
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 39226
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 43845