«ЕШТЕҢЕГЕ ЗАУҚЫМ ЖОҚ»

«ЕШТЕҢЕГЕ ЗАУҚЫМ ЖОҚ»

Адамды бұндай жағдайға түсіретін себептер көп. Соның бірі –шаршау (ұзақ уақытқа созылған). Екінші себеп – өзіне деген сенімділікті жоғалту. Үшінші себеп – депрессия. Шаршау жайлы мен алдыңғы мақаламда (https://qazdauiri.kz/news/sarsap-zursiz-be) айтып өткенмін. Бірақ сонда да қысқаша толықтырып, тоқтала кетсек.

 

Бұл хәлдің бір симптомы – апатия (адамның ештеңеге құлшынысының болмауы, оған жігер беретін ештеңенің қалмауы).

 

 Екіншісі – ангедония (тіпті осы уақытқа дейін жаны сүйіп келген іс болса да, ештеңеден ләззат ала алмау, қуана алмау).

 

Үшіншісі –  когнитивтік функциялар. Яғни есте сақтау қабілеті, ойлау жүйесі, мұқият болуы мен сөзді жүйелеп сөйлеуі де нашарлай бастайды. Төртіншісі – жаман ойлар (дұрыс тамақтану мен ұйқыны бұзады).

         Адамның бәрі алдына мақсат қойғанда оның үнемі орындала бермейтінін, қанша ауыр еңбек етсе де,  жете алмайтындығын қабылдай бермейді. Қайтсе де қоғамда өз маңызын сезініп, жетістікке жеткісі келеді. Ұзақ уақыт өзі қойған «идеал»-ға талпынып, одан алыс екенін ұғыну көбін үнемі шаршай беретін, әлсірей беретін, ештеңеге зауқы болмайтын күйге түсіреді.

 

          Бұл депрессияға ұқсас күйге түспес үшін «аспандағы ай» емес, шынайы орындалатын мақсаттар қойыңыз. Жай ғана болмысыңыз, өмірде бар екеніңіз құнды. Ішкі алауыңызды сөндіріп алмау үшін денсаулығыңызға, ойларыңызға көңіл бөліңіз. Жан дүниеңізге қараңыз. Бекерге өзіңізге өзіңіз зақым келтіре бергеннен табатыныңыз тек ауру мен өлім.

 

ӨЗІҢЕ ДЕГЕН СЕНІМДІЛІК

 

         Адам өзіне деген сенімділікті бір дүние қолынан келмегенде жоғалтады және әр сәтсіздіктен соң «жолым болмайды» деген ойлар жегідей жеп, әр сәтсіз әрекеттен соң өзінің әлсіздігін ұғынады.

         Сенімділіктің жоғалуына себеп болатын жайттың бірі – жүйке жүйесі  сезімтал бала өте қатты, сыни ортаға тап болады. Бұндай ортада өскен бала жетістікке жеткен күннің өзінде санасындағы «мен жақсырақ болу керекпін» деген ойдан арыла алмайды.

Сонымен қатар шаршағаннан мотивация болмауы да сенімділікті жоғалтады. Нерв жүйесі шаршаған кезде артық энергияны шығындамау үшін сигнал береді де күш жинауға, тіршілік етуге организм баса назар аударады. Мақсатқа жету, сенімділік деген дүние жолда қалады. Себебі оған ресурс толық жетпейді.

         Сенімділікті жоғалқан адамдардың бәрі әлсіз деу атүсті пікір. Себебі өте ауыр жағдайды бастан өткерген (жақынының қазасы, айрылысу т.б) жандар бар. Психикада жарақат қалдыратын бұндай жайттардың ауырлығы соншалық , қасқайып қарсы тұратын кезде адам жігерсіз шыңыраудан құлайды. Оның тұруға еш  мүмкіндігі болмайды.

Сенімділігін жоғалтқан, іштеу күйреп жүрген адамдарға кеңесім, өзіңіздің тұлға екеніңізді ұмытпаңыз. Сізді өзге адамдардан ерекшелеп тұратын, өзіңізге ғана тән болмысыңыз бар.

 

Ештеңеге зауқы болмаудың үшінші себебі депрессия. Бұл өте күрделі ауру болғандықтан Жер шарында көптеген адамдар депрессияға түсіп, өз бетше шыға алмайды. Ондай жағдайда арнайы психотерапевт, психолог мамандардың көмегі қажет.

 

Картинаның авторы Э.Мунк, "Меланхолия"

 

Дидар ҚАЙРАТ
14.12.2021

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 106
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 105
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 624
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 742
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 654
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 664

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8797
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8198
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11425
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9179
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10411