Ферғана тағы бүлінді

Ферғана тағы бүлінді

ШЫҰ-ның кезекті саммитінің базары тарқамай жатып, әлем назары қайтадан Орталық Азияға ауды. 14 қыркүйекте Қырғыз-Тәжік шекарасында туындаған қақтығыстың соңы кәдімгідей атысқа ұласып барып әзер тоқтады. Соңғы деректер бойынша, Қырғыз елінің азаматтарынан қаза болғандардың саны 59 адам, жаралылардың саны 183-ке жеткен. Ал Тәжікстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Содик Имоми дүйсенбі күні өткен брифингте қыркүйектің 14-і мен 17-сі аралығында шекарада 41 тәжік азаматының қаза тапқанын айтты. Имоми қаза тапқандардың қаншасы әскери қызметкер, қаншасы бейбіт тұрғындар екенін нақтыламады.

19 қыркүйек күні Тәжікстан аумағында Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы Камчыбек Ташиев пен Тәжікстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Саймумин Ятимов кездесті. Шекарадағы жағдайды тұрақтандыру бойынша жұмысты ілгерілету туралы жұмыс хаттамасына қол қойылды. Бұл туралы Камчыбек Ташиев 19 қыркүйек күні кеште Баткенде журналистерге берген сұхбатында айтты. 

«Құжаттың мазмұны бейбітшілікті сақтау және нығайту жолында атқарылып жатқан жұмыстарды жалғастыру болып табылады. Шекарада бірте-бірте бейбітшілік орнады. Бүгінгі кездесумен біз бейбітшілікке тағы бір қадам жасадық. Осыны айта аламыз. Ол біршама сенімдірек болды», – деді Камчыбек Ташиев. Сондай-ақ шекарадағы болған қақтығыстың мән-жайын анықтау мақсатында құрылған комиссия 20 қыркүйектен бастап іске кірісетіндігі белгілі болды. Қазірге дейін екі тарап та кезекті жанжалды бастады деп бірін-бірі кінәлап отыр. Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрлігі қырғыз-тәжік шекарасында 14-17 қыркүйекте болған оқиғаны «Тәжікстанның алдын ала жоспарлаған қарулы агрессиясы» деген мәлімет таратты. Бұған дейін Тәжікстан Сыртқы істер министрлігі Қырғызстанды да дәл осындай мазмұнда айыптаған мәлімдеме жариялаған болатын.

Бұл даулы аймақ Ферғана ойпаты болып есептеледі. ОА аумағының небары 5 пайызын ғана иеленетін бұл өңірде, тұтас ОА-ның 20 пайыз халқы өмір сүреді. Кеңес одағы кезінде де шекаралары анық бөлінбеген бұл аймақтың проблемалары Кеңес одағы ыдырағаннан кейін де біржолата шешілген жоқ. Қазір бұл жерлер әлемдегі ең тығыз анклав аймақтары ретінде танымал. Ферғана ойпатының батыс кіреберісі Тәжікстанға тиесілі. Сондықтан бассейннің батыс жағынан өту мәселесін тәжіктер бақылайды. Бассейннің орта бөлігінде Өзбекстанның бірнеше қалалары орналасқан. Сондықтан ойпатта отырған өзбектер астанасы Ташкентке бару үшін тауларды басып өтуге мәжбүр; Бассейннің шекаралары Қырғызстанға тиесілі. Қырғызстанға тиесілі таулы аймақтардан келетін өзендер Ферғананың құнарлы егіс алқаптарын сумен қамтамасыз етеді. 

Тәжікстан мен Қырғыз республикасы арасында 970 километрлік шекара сызығы бар. Осы аумақтың 3\1 бөлігі күні бүгінге дейін шешілмеген даулы жерлер болып отыр. Өкінішке қарай, 1991 жылдан қазірге дейін осы өңірлерде 150-ден артық жанжал болған екен.

Кезекті қақтығыстың себебі туралы болжам жасап жатқандар көп. Олардың ең басында трансшекаралық өзендердің суын пайдалану мәселесі тұр. Онан қалса шекаралық бекеттерден өту, кедендік рәсімдеу мәселелерінің күрделі екендігін алға тартқан. Бұлардан бөлек АҚШ, Ресей сынды алпауыттардың «сабан астына су жүгірткісі келген» қитұрқы әрекеттерімен де байланыстырғысы келетіндер бар. Кейбір сарапшылар Ауғанстандағы радикал мұсылмандардың жоспарлы әрекеті болуы мүмкін деген пікір айтуда. Ал ОА елдерінің басшылары аймақтағы даулы мәселелерді бейбіт келіссөздер арқылы шешуді ұсынып отыр.

 

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
22.09.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 245
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 241
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 743
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 866
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 779

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8936
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8330
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11558
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9315
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10542