Ғарыштық киберқауіпсіздік деген не?

Ғарыштық киберқауіпсіздік деген не?

Жерсеріктерді, ұшу аппараттарын және Жердегі басқару орталықтарын кибершабуылдардан қорғауға бағытталған маңызды стратегиялық бағыт бұл ғарыш саласындағы киберқауіпсіздік болып саналады.  Ғарыштық киберқауіпсіздік жерүсті басқару стансалары, спутниктер мен оларды байланыстыратын желілерді кибершабуылдардан қорғауға арналған. Ғарыш аппараттарын ұрлықтан, деректердің жоғалуынан және маңызды инфрақұрылымның бұзылуынан сақтап, ғарыш миссияларының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету оның ең басты міндеті болып саналады. Ғарыш саласы елдің киберқауіпсіздігінде шешуші рөл атқарады. Цифрлық технологиялар және ғарыш аппараттары интеграциясы артып, осы жүйелер ұлттық қауіпсіздік пен инфрақұрылымда  негізгі нысан болып отыр.   

Ғарыштық киберқауіпсіздіктің аспектілері:

- Жерсеріктердің осалдығы: Орбитадағы аппараттарға рұқсатсыз кіру, сигналды басып алу (spoofing) немесе жүйеге зиянды бағдарлама (malware) жіберіп,  оларды басқарудан айырып тастаудың  қаупі кездеседі.

- Жердегі инфрақұрылым (Ground Segment): Ғарыш кемелерін басқаратын стансалар мен орталықтар көбіне хакерлік шабуылдардың (ransomware, DDoS) нысаны болуы мүмкін.

- Деректерді қорғау: Ғарыштан түсетін маңызды мәліметтерді (навигациялық, әскери, метеорологиялық) тарату кезінде шифрлаудың жоғары деңгейін  қамтамасыз етеді. 

Еліміздің аэроғарыш саласы кейінгі жылдары жетістіктерге жетіп, ғарыш деректеріне сай  қолданбалы жобаларды дамытып келеді. 

 

Бұл қолданбалы жобалар:

Ұлттық қорғаныс: «Қазақстанның киберқалқаны» тұжырымдамасы әскери салада киберкеңістікті қорғау әлеуетін қалыптастыру үшін жүзеге асырылуда.

Халықаралық ынтымақтастық: Әлемдік серіктестермен (мысалы, Кипр, Түркі мемлекеттері ұйымы) өзара түсіністік туралы меморандумдар қабылдап, Қазақстан ғарыш қызметі және киберқауіпсіздік салалары бойынша бірлескен қорғаныс шараларын талқылауда.   

Еліміз өзінің орбиталық топтамаларын жақсарту үшін ақпараттық қауіпсіздік талаптарына аса көңіл бөліп отыр. Қазақстанда  ғарыш қызметі саласындағы заңнамалық база мен арнайы мемлекеттік бағдарламалар аясында киберқауіпсіздік жүйелері интеграциялануда. Жерсеріктер мен ғарыштық инфрақұрылымға жасалған кибершабуылдар ұлттық қауіпсіздікке, навигацияға, байланысқа және қорғаныс жүйелеріне айтарлықтай қауіп-қатер әкелуде. Осыған байланысты мемлекеттің маңызды стратегиялық міндеттерінің бірі ғарыш аппараттарын киберқауіптерден қорғау болып табылады.

Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ
10.07.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 26615
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 26049
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 43439
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 39226
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 43845