Газдандыру және атом энергетикасы

Газдандыру және атом энергетикасы

Газдандыру мен атом энергетикасы – еліміздің экологиялық тұрақтылығы мен энергетикалық қауіпсіздігін бақылайтын ең басты екі бағыт. Атом электр стансалары (АЭС) көмірқышқыл газынан (CO2) таза энергия өндіреді яғни (АЭС) қоршаған ортаға парниктік газдар бөлмейді. Осы жағдай Қазақстандағы газдандыруды жақсартып,  көмір мен көгілдір отынды үнемдеуге жәрдемдеседі.  

 

Энергетикалық баланс және газдандыру

Президентіміз  Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдаған Жолдауында Үкіметтің басты міндетінің бірі тұрғындарды және экономиканы газбен қамтамасыз ету деген болатын. Тұрғын үйлер мен нысандардың иелері ең алдымен көгілдір отынға қосылу үшін газ тарату ұйымынан техникалық шарттар алуға міндетті. Алайда аталған үй немесе нысанның техникалық шарты дұрыс болмаса, газ берілмейді. Ең бастысы қауіпсіздік нормаларын сақтау талап етіледі. Бізде халықты газдандыру мәселесі (мысалы, 65%-дан 80%-ға дейін жеткізу) үлкен қарқынмен жүруде. Негізінде  газ ресурстарын тек жылу беру мен халықтың әлеуметтік қажеттіліктеріне жұмсау тиімді болып саналады. Электр энергиясын өндіру көлемін атом энергетикасы тұрақты ұстап тұрады. Сондай-ақ газ шығынын азайтып, «газдық жүктемені» төмендетіп, газ шығынын азайтады және елдің энергетикалық егемендігін күшейтеді. 

 

 Атом энергетикасының экологиялық артықшылықтары

Климаттың өзгеруімен күресудегі ең тиімді шешім атом энергетикасы болып табылады. АЭС жұмысында жылу электр стансаларынан (ЖЭС) айырмашылығы атмосфераға көмірқышқыл газы бөлінбейді.  Ірі атом стансасының іске қосылған кезде  көмір мен газ негізінде электр энергиясын өндіруді ішінара немесе толықтай алмастырады. Сондай-ақ зиянды қалдықтардың көлемін жыл сайын біраз қысқартады. 

   Атом электр стансаларының қауіпсіздігін арттыру үшін  жаңа технологиялар қабылдануда.  Апаттар мүмкіндігін барынша азайтуға бағытталып, үшінші және төртінші буын реакторлары қауіпсіздікті болдырмауда. Табиғи ресурстарды тиімді пайдаланып, радиоактивті қалдықтарды азайту үшін ядролық отынды қайта өңдеу технологиялары дамуда. Жел және күн энергиясы сияқты жаңартылатын атом энергетикасы энергия көздерімен бірігуде. Энергия жүйелерінің тұрақтылығын сақтап тұру үшін бұл жағдай өте қажет. Ұзақ мерзімді перспективада атом электр стансалары (АЭС) тиімді электр энергиясын өндіреді. Жоғары бастапқы шығындарға қарамастан АЭС-тер ұзақ мерзімді жұмыста төмен операциялық шығындарымен қарастырылады. Экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін атом энергиясының да бағасы тұрақты болуы шарт. Бұл жағдай ұзақ мерзімді келісімшарттар жасауға мүмкіндік береді. Парниктік газдардың шығарылуын азайтуға атом энергетикасы көмектеседі. Себебі оның жұмысында көміртек диоксиді (CO2) шығарындылары кездеспейді. 

  АЭС-тер электр энергиясын үлкен көлемде тұрақты өндіріп отырады. Ол зат базалық жүктемені қамтамасыз ету үшін сенімді көзге айналдырады. Атом энергиясы жел және күн энергиясы секілді жаңартылатын энергия көздерімен интеграцияланады. Сөйтіп энергия жүйелерінің тұрақтылығын арттыруға көмектеседі. Заманауи АЭС-терде  қазір жетілдірілген қауіпсіздік жүйелері орнатылған.  Ядролық өнеркәсіптегі реттеуші қадағалау қатаң ережелерге сай жабдықталған. АЭС салу үшін үлкен инвестиция құю қажет.

Ұзақ мерзімді экономикалық тиімділікке жоба құнының жоғары болуы өз әсерін береді. Бюджеттен асатын шығындар немесе АЭС құрылысы мен пайдаланудағы кідірістер экономикалық тәуекелдерге әкеледі. Атом энергиясын пайдаланғаннан радиоактивті қалдықтар пайда болуы мүмкін. Осы қалдықтардың кесірінен ұзақ мерзімде және қауіпсіз сақтау мәселесі шешілмеген экологиялық жағдайлар туады. Мәселен Чернобыль мен  Фукусима сияқты атомдық апаттар қоршаған ортаға қатты зиян келтіргені бәрімізге мәлім. Міне осындай  апаттар сирек болғанымен,  олардың ауыр салдары  көп  жылдар уақыт бойы сақталады. Атом энергиясына арналған уран қоры шектеулі, сонымен қатар оның  жетіспеушілігі сезілері анық. АЭС-терді салып, оны іске қосу оңай емес. Бұл біраз  уақыт алмақ. Осы аралықта басқа да баламалы энергия көздері өсіп, атом энергиясының маңызы мен құнын  төмендетіп жіберуі мүмкін.

16.07.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 26615
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 26049
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 43439
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 39226
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 43845