Инновациялық инфрақұрылым жаңашылдыққа жол ашады

Инновациялық инфрақұрылым жаңашылдыққа жол ашады

Инновациялық үрдістерге ықпал ету қызметтерін атқаратын инновацияның көптеген ұйымдары мен субъектілері инновациялық инфрақұрылым деп аталады. Инновациялық инфрақұрылым –  ғылыми зерттеулер мен технологиялық жобаларды, жаңа идеяларды, ғылыми коммерциялық өнімге немесе қызметке айналдыруға жәрдемдесетін  материалдық-техникалық және ақпараттық,  ұйымдастырушылық, қаржылық кешендер мен жүйелердің топтамасы. Сондай-ақ жаңашыл бизнес пен стартаптарды қолдаудың бастамасы. 

 

Негізгі элементтері мен қызметтері

 

Материалдық және техникалық база:

Тәжірибелік-конструкторлық бюролар, зертханалар, инжиниринг орталықтары. Олар жаңа өнімдерді жасап шығарып, бұны  сынақтан өткізуге қажетті құралдармен жабдықтайды.

Бизнесті қолдау орталықтары: Акселераторлар, технопарктер, бизнес-инкубаторлар. Бұлар жас компанияларды жеңілдікпен  заңгерлік, кеңес беру қызметтерімен және кеңсе кеңістігімен қамтиды. 

Қаржылық қолдау институттары:  Сартаптарды қаржыландыратын гранттық бағдарламалар мен инвестициялық ұйымдар, венчурлық қорлар.

Ақпараттық және трансферттік жүйелер: Арнайы дерекқорлар мен технологияларды коммерцияландыру орталықтары. Бұлар ғылыми жаңалықтарды өндіріске кіргізуге  (технология трансферті) өз көмегін тигізеді.

Инновациялық инфрақұрылымды инновациялық үрдістерге қызмет көрсету және ықпал ету функцияларын атқаратын инновациялық қызметтің көптеген ұйымдары мен субъектілері құрайды. Яғни инновациялық инфрақұрлым инновациялық қызметті жүзеге асыруға ықпал ететін ұйымдар деп түсінуге де болады. Сонымен қатар жаңа идеялардың практикада жүзеге асырылуына, жетуіне және өз қолданысын табуына көмектесетін барлық ақпараттық, ұйымдастырушылық, маркетингтік, білім беру және басқа жүйелері транспорт инфрақұрылымы бойынша да инновациялық инфрақұрылым болып саналады.

 

Түрлі элементтерінің көмегімен мыналар шешіледі

- Инновациялық қызметті өндірістік-технологиялық қолдау және ақпараттық қамтамасыз ету.

- Табысты жасалымдарды алға жылжыту, инновациялық өнімді сертификаттату мен стандарттау.     

- Инновациялық жобалар мен өнімдердің   көрмесін жасау, олардың  жүзеге асуына ықпал ету. 

- Инновациялық қызмет үшін кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау, кеңестік көмек көрсету және басқа да міндеттер шешіледі.  

Қазір көптеген елдердің инновациялық инфрақұрылымының табысты даму тәжірибесінің   басты элементтері  технопарктік құрылым мен ақпараттық-технологиялық жүйелерді қарастырады. 

Технопарктік құрылымның дамыған әлемде көптеген түрі кездеседі:  олар инновациялық, инновациялық-технологиялық және бизнес-инновациялық орталықтар, ғылыми парктер, технологиялық және зерттеу парктері, виртуалды инкубаторлар, технополистер технологиялық трансферт орталықтары, бизнес инкубаорлары мен технология инкубаторлары, т. б. 

Инкубаторлар, технопарктер және технополистер технопарктік құрылымның негізгі үш тобының құрамына кіреді. 

Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ
10.07.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 26615
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 26049
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 43439
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 39226
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 43845