Инвестициялық жоба жаңа серпін береді

Инвестициялық жоба жаңа серпін береді

Жуырда Тұрар Рысқұлов ауданының әкімі Ернар Есіркепов Алматы облысына арнайы іссапармен барып, өңір экономикасын дамыту мақсатында бірқатар ірі инвесторлармен маңызды кездесулер өткізді. Сапардың нәтижесінде аудан аумағында ауқымды инвестициялық жобаның бастау алуына негіз қаланды.

Іссапар барысында әкім сүт өнімдерін өңдеу нарығында қарқынды дамып келе жатқан «NEO MILK» компаниясы

ның басшылығымен жүздесіп, жемісті келіссөздер жүргізді. Келіссөздердің қорытындысы бойынша, қос тарап ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл құжат аясында компания Алматы облысындағы қолданыстағы зауыт ғимаратының дәл осындай екінші нұсқасын Тұрар Рысқұлов ауданының аумағында салу туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Инновациялық технологияларды қолданатын «NEO MILK» компаниясы – жылқы, ешкі және түйе сүтінен экологиялық таза өнімдер өндіруге маманданған, жаңадан құрылған, бірақ қарқынды дамып келе жатқан кәсіпорын. Бүгінде компания Алматы облысында тәулігіне 50 тоннаға дейін сүт өңдейтін заманауи зауытты іске қосқан, алдағы уақытта бұл көрсеткішті айтарлықтай арттыруды көздеп отыр. Компанияның «Neo Saumal», «Shubat», «Goat Milk» және құрғатылған сүт өнімі «Мама знает» сияқты жоғары сапада дайындалған отандық өнімдеріне Қытай нарығында үлкен сұраныс бар, тіпті осы өнімдерді Қытай нарығына экспорттау жоспары да бекітілген.

Осы сұранысты толық қанағаттандыру және өндіріс көкжиегін кеңейту мақсатында кәсіпорын басшылығы аудан әкімдігімен тығыз әріптестік орнатуға мүдделі екендіктерін жеткізді. Олар өз зауыттарын салу үшін таңдаған жері – шөбі шүйгін, дәрілік өсімдіктер мен минералдарға бай, жазық даласы мен таулы аймағы бар Тұрар Рысқұлов ауданының табиғи әлеуетін жоғары бағалап отыр. «NEO MILK» өкілдері өңірдегі сүт өңдеу саласын жаңа деңгейге көтеруге дайын екендіктерін мәлімдеді.

Аудан әкімі Ернар Есіркепов бұл бастаманы жоғары бағалап: «NEO MILK» сияқты инновациялық компаниялардың келуі – аудан экономикасына жаңа серпін беретін, әсіресе ауылшаруашылығын дамытудағы нақты қадам. Төскейі төрт түлікке толы біздің аудан үшін бұл – үлкен мүмкіндік», – деп атап өтті.

Қол қойылған меморандум аясында қос тарап сүт өндірісін дамыту, ауылшаруашылығы кооперативтерін қолдау және жергілікті фермерлерден шикізатты бекітілген бағада сатып алу мәселелерін бірлесе жүзеге асыруға келісті. Бұл жобаның жүзеге асуы өңір тұрғындарын жұмыспен қамтып, әл-ауқатын арттырып қана қоймай, жергілікті бюджеттің көлемін де ұлғайтатыны сөзсіз.

Сонымен қатар, Ернар Есіркепов іссапар барысында Оңтүстік Кореяның KT&G компаниясының өкілдерімен және бірқатар құрылыс материалдарын өндіретін зауыт басшыларымен де кездесіп, аудан аумағында олардың филиалдарын ашу туралы ұсыныстарын жеткізді. Бұл кездесулер ауданға тартылатын инвестициялардың ауқымы кеңейе түсетінін көрсетеді.

 

А.ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы
31.10.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 20001
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 19819
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 34968
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 33529
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 37343