Иран өлім жазасын атқарды

Иран өлім жазасын атқарды

Иран билігі биылғы қыркүйектен бері жалғасып келе жатқан наразылықтар кезінде «бүлік тудырған қылмыскерлердің» алдын өлім жазасына кесті. Сотталғандардың арасында алғаш рет 8 желтоқсан күні 23 жастағы Мохсен Шекари атты жігіт сот үкімімен жазаға тартылды. Мохсен Шекари 25 қыркүйекте тұтқындалған екен. Иранның ресми ақпарат көздерінің хабарлауынша, Шекари, Махса Аминидың өлімінен кейін елде басталған жаппай наразылық акциялары кезінде Тегеран (Теһран) қаласының «Саттархан көшесін жауып тастауға әрекет еткен, әрі полиция қызметкерін пышақтаған» көрінеді. Иранның Жоғарғы соты оған «Қорқыныш пен үрей тудырып, адамдарды бостандығы мен қауіпсіздігінен айырған, Құдайға қарсы шыққан» деген айыптар тағып, 2022 жылы 20 қараша күні өлім жазасына кесіп, арада 18 күн өткен соң жаза атқарылды. 

Соттың үкімі шыққаннан кейін Біріккен Ұлттар Ұйымының адам құқықтары жөніндегі сарапшылары Иранды шерулер кезінде тұтқындалған адамдарды өлім жазасына кесуді тоқтатуға шақырды. Алайда Иран билігі «елдегі бүліктердің артында АҚШ бастаған державалар тұр» деген көзқарастарынан танбайтындығын мәлімдеп, сот үкімдерін өзгеріссіз қалдырды. 

«Amnesty International» ұйымы желтоқсанның басында Иранда наразылықтарға байланысты кемінде 28 адам өлім жазасына кесілуі мүмкін екенін ескертіп, «(Иран) билігі халық көтерілістерін тоқтату үшін өлім жазасын саяси қуғын-сүргін құралы ретінде пайдаланып жатыр» деп мәлімдеді.

Иранның сот билігінің басшысы Ғолам-Хоссейн Мохсени-Эджей осы аптаның басында Жоғарғы соттың бұған дейін наразылықтармен байланысты «сыбайлас жемқорлықтың орын алғандығын, Құдайға қарсы шыққандардың бар екендігін» айта келіп, оларға өлім жазасы немесе «жартылай өлім жазасы» тағайындалатындығын мәлімдеген болатын. Әлемдік БАҚ-тарды дүр сілкіндірген бұл мәлімдемеден кейін көптеген елдер Иранды райынан қайтуға шақырды. Алайда атқарушы билік көнген жоқ. «Әл-жазира» сайтындағы ақпаратқа қарағанда, шерулер кезінде тұтқындалғандардан қазірге дейін тағы да бес адамға өлім жазасы тағайындалған. 11 адам ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілген. Оның ішінде үш бала бар көрінеді. Осымен қатар «Изараильдың барлау қызметіне сатылды» деген айып тағылған төрт адамға да өлім жазасы тағайындалған.

 

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
19.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ӨТКЕН АШЫҚ БІРІНШІЛІК ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 16.09.2024 39
ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ЖАРҒА ЖЫҒАДЫ
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 15.09.2024 95
Сыбайлас жемқорлық
Бибітгүл Аманжоловна - 13.09.2024 216
ҚАЗАҚТЫҢ БОЛАШАҒЫ
Асқар Жұмаділдаев - 13.09.2024 234

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 4614
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 4059
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 6543
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 5016
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 6222