Ирандағы ереуіл

Ирандағы   ереуіл

Иранда ереуілдеген жұрттың арыны басылмай тұр. «Рейтер» агенттігі таратқан соңғы мәліметтер бойынша ереуілдер кезінде тәртіп сақшыларымен болған қақтығыста 5 адам қайтыс болған көрінеді. Күрдтердің «Хенгау» адам құқығын қорғау ұйымы:  «Қауіпсіздік күштері Күрд аймағындағы Аминидің туған қаласы Сакезде демонстранттарға оқ жаудырып, екі адам қаза тапты. Тағы екеуін Дивандарреде қауіпсіздік күштері тікелей атып өлтірді. Күрдтер аймағындағы Дехголанда тағы бір адам қаза тапты», – деген хабар таратқан. Алайда ресми билік органдары бұл хабарды әлі растаған жоқ. 

13 қыркүйек күні Тегеран көшесінде кетіп бара жатқан 22 жасар Махса Амини есімді қызды шариғат сақшылары «басына тартқан орамалы шариғат талаптарына сай емес» деген сылтаумен ұстап әкеткен. Арада үш күн өткенде «жүрек талмасынан қайтыс» болды деген хабар таратқан күштік құрылым өкілдері қыздың сүйегін табытқа салынып, мөрленген күйде отбасына тапсырған. Әрі жылдам жерлеуді бұйырған. 

Міне, осы әрекеттен кейін Тегеранда және бірнеше қалада жұрт жаппай ереуілге шықты. Кейбір аудандарда шерушілер көлік қозғалысын тоқтатып, жолды жабу үшін көшелерге шыққан. Иран президенті бұл істі жіті тексеруді бұйырып, халықты сабасына түсуге шақырып жатыр.

Аминидің әкесі «Америка дауысы» радиосының парсы тілі бөлімінің журналисіне сұхбат беріп, биліктің уәжіне сенбейтіндігін айтыпты. «Мен биліктің айтқандарына сене алмаймын. Қызымның денсаулығы жақсы болатын. Қазірге дейін жүрек ауруымен ауырған емес. Бұл жерде күдікті жағдайлар болып отыр. Мен құзырлы орындардан бұл іске қатысы бар адамдарды түгелдей жауапқа тартуды талап етемін. Өлген қызым енді қайтып келмейді. Алайда мұндай жағдай енді қайтып ешкімнің басына түспесе екен деп тілеймін», – дейді Аминидің әкесі. 

Қазір халықаралық адам құқығын қорғаушы ұйымдар мен өзге де демократиялық елдер Иран билігінен бұл істі әділ әрі ашық тексеруді талап етіп жатыр.

Қазір әлеуметтік желілерде Ирандағы ереуілдерде әйелдердің билікке наразылық ретінде бастарындағы орамалдарын лақтырып тастап, шаштарын кесіп жатқан видеолары көп таралып жатыр. Наразы жұрттың қашан тарқайтыны белгісіз. Иран билігі бұл шерулерді «дұшпандардың арандатуы, барлығы да жоспарлы түрде жүзеге асырылып жатыр» деп баға беріп отыр. 

 

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
22.09.2022

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА КҮЗГІ КӨШЕТ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 132
ТҮРКІСТАН: Р.СЕЙТМЕТОВ АТЫНДАҒЫ ТЕАТРДА БИЫЛ 130-ҒА ЖУЫҚ ҚОЙЫЛЫМ ҚОЙЫЛҒАН
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 03.12.2024 16
МӘСКЕУДЕН ТҮРКІСТАНҒА НҰРТАС ОҢДАСЫНОВТЫҢ ШАПАНЫ МЕН КІТАПТАРЫ ӘКЕЛІНДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 68
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУДЕН НЕГІЗСІЗ БАС ТАРТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 03.12.2024 62
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯНЫҢ ТҮРКИЯҒА ІССАПАРЫ БАРЫСЫНДА 9 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 47
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 464
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 432
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 456
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 448
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 446
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 463
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 453
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 646

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9688
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9067
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12301
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 10072
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11281